Халық қолөнері – тәрбие құралы

Рухани жаңғырып, жастар тәрбиесіне арқау болып отырған халықтық педагогика – бұл күнде педагогтар қауымына ғана емес, бүкіл қоғамымызға ортақ әлеуметтік қозғалыс.

Халықтық педагогика кешегі дана-бабалардан, ойшылдар мен сал-серілерден,шешен-билерден, ақын-жыраулар мен шебер-зергерлерден өскелең ұрпаққа  мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы.Оның өміршең үлгілері халықпен қайта қауышып,жас ұрпақтың жүрегінен орын алуда. Халықтық педагогика, ол ежелден халықпен бірге өмір сүріп келе жатқан тәлім-тәрбиенің қайнар көзі.Ал, оны оқу-тәрбие процессіне енгізіп, жас ұрпақтың бойына сіңіру, бүгінгі күннің талабы.

Ұлттық педагогиканы насихаттауға қай пәннің болсын ыңғайы мен мүмкіншіліктері мол. Соның ішінде көркем еңбек сабақтарында қолөнеріне үйрету арқылы  тәлім-тәрбиені оқу-тәрбие үрдісіне арқау ету негізгі міндетіміз.Осы бағытта мен өз сабақтарымда ұлттық қолөнерге баулуда төмендегідей мақсаттарды  басшылыққа аламын: Ұлттық бұйымдарды сый-кәде ретінде жасап үйрету; Ұлттық өнерге деген сүйіспеншілік арқылы оқушылардың шеберлігін дамыту; Оқушыны халқының қолөнер тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп,дәстүрін жалғастыра білуге баулу

Сабақтарда тұрақты ұлттық қолөнер бұйымдарын насихаттай отыра, сабақта және де сабақтан тыс уақытта оқушылардың білім, білік-дағдылары мен шеберліктерін жетілдіріп, бұйымдар жасап, мектепішілік көрмелер мен аудандық, облыстық, республикалық байқауларға оқушыларымды тұрақты қатыстырып отырамын.Осындай жұмыстардың нәтижесінде 2019 жылы 9 сынып оқушысы Бахниязов Д «Қолөнер шеберлері» аудандық байқауында 3 орын, 2018 жылы «Ұлттық қолөнер-ұрпаққа аманат» атты республикалық байқауында 11 сынып оқушысы Балқаш Д жүделі  1  орын, 7сынып оқушысы Тұрсын А, 5 сынып оқушысы Жандос А –тар жүлделі 2 орын иеленді.2016 жылы 11 сынып оқушысы Қасымов Е  «Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық ММ-нің ұйымдастыруымен өткізген «Парктер шеруі-2016» акциясының мақтау қағазымен марапатталды.

 А.Ахыт,

Черкасск орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі.

Мәліметпен бөлісу: