Иман шуағымен нұрланды

Өткен жұмада аудандық ардагерлер ұйымының тікелей мұрындық болуымен аудандық мәдениет үйінде «Иман шуағы» атты рухани кеш өтті. Айлардың сұлтаны Рамазанда ұйымдастырылған шара өз шымылдығын оразаның шарттарын жан-жақты түсіндірген бейнебаянмен түрді.  Аудандық мәдениет үйінің шығармашыл ұжымының тыңғылықты дайындығы концерттік бағдарламадан айқын аңғарылды. Көкейге терең ой салған бейнебаяндар, көңіл пернесін дөп басқан қазақи рухты имани мәндегі әуендер өз көрерменінің жүрегін пенделік пейілден тазартқандай болды. Шапағатты шарадан жиылған жамағат бір сәт күйбең тірлікті ұмытып мәңгілік дүние мәнін жұдырықтай жүрекпен сезінді. Соңында аудан әкімі Ерғазы Қошанбекұлы ауыз бекіткен жамағатқа “Дархан” мейрамханасында ауызашар берді.

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: