Үйі бардың – күйі бар

Сарқан ауданында қазіргі уақытта тұрғын үй кезегінде 689 азамат тұр. Оның 208 мемлекеттік бюджеттік қызметкерлер болса, 166  жетім балалар, 229 әлеуметтік әлсіз топтар және  86 көп балалы отбасы. Аудан бойынша «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысып 3 азамат «Тұрғын үй жинақ банкі» арқылы Талдықорған қаласынан өздері қалаған тұрғын үйді сатып алды. Атап айтсақ Есенғалиқызы Лаззат –Талдықорған қаласынан, Сантаева Акерке –Алматы облысы Өтеген батыр ауылынан және Көпбаева Жадыра – Талдықорған қаласынан тұрғын үйге ие болды.

Мемлекетіміз соңғы жылдары әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға айрықша қамқорлық танытып, қолдау көрсетуде. Сан түрлі атаулы көмектен бөлек тұрғын үймен қамту мәселесін де оңтайлы шешуге ықпал етуде. Бұған жарқын мысал ауданымызда 2019 жылы ғана көпбалалы 35 жанұяға «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында екінші санаттағы жалдамалы тұрғын үйлер берілді. Оның 31-і Сарқан қаласынан баспана таңдаса, үшеуі Лепсі ауылдық округінен, енді біреуі Қойлық ауылдық округінен. Алды сегіз арты төрт баланы бағып-қағып отырғандар осынау қамқорлық үшін аудан басшыларына зор алғысын білдірді. Жиі жалдамалы пәтер ауыстырып, біраз қиыншылық көргендер еңселі, жылы әрі кең ең бастысы өз үйлерінің болғанына айрықша қуанышты екендіктерін жеткізіп, ризашылықтарын ақтарды. Сонымен қатар “Нұрлы Жер” бағдарламасы бойынша салынған тағы 10 тұрғын үй 16 желтоқсанда кезекте тұрған азаматтарға тиесілі болды. 2019  жылы аудан бойынша жалпы 48 тұрғын үй берілді.

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: