Кәкімжан Қазыбаев – қайраткер, қаламгер, азамат

Осындай тақырыппен Кәкімжан Қазыбаевтың туғанына 90 жыл толуына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өтті.

Академик, ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтановтың модераторлығымен өткен бұл алқалы жиында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау жеделхаты оқылып, Кәкімжан Қазыбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған фильм көрсетілді. Конференция барысында жерлесіміздің қайраткерлік, жазушылық, журналистік қыры жан-жақты ашылды. Атап айтқанда ақын, ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті Бауыржан Жақып “Кәкімжан Қазыбаевтың жазушылық қыры”, қоғам және мемлекет қайраткері, академик Көпжасар Нәрібаев “Кәкімжан Қазыбаевтың қайраткерлігі”, жазушы, тележурналист Сұлтан Оразәлі “Кәкімжан аға туралы сөз”, журналист, жазушы Жанболат Аупбаев “К.Қазыбаевтың шығармашылығы: тақырып, ізденіс, тәжірибе” атты тақырыпта баяндама жасады. Сонымен қатар академик Төрегелді Шарманов, көрнекті жазушы Сәбит Досанов, Кәкімжан Қазыбаевтың зайыбы, ұлағатты ұстаз, ҚР Еңбек сіңірген  қайраткер Орынша Қарабалина естеліктерімен бөлісті.

Конференция соңында БАҚ өкілдеріне сұхбат берілді.

Жомарт Игіман.

Мәліметпен бөлісу: