Көркемсөз шеберлері анықталды

 «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру аясында мемлекеттік тілдің қолданылуы аясын кеңейту, жастарды көркем әдебиетті оқуға баулу, әдеби орта қалыптастыруға бағыттау мақсатында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен ұлтымыздың ұлы тұлғалары Бейімбет Майлиннің, Сәкен Сейфуллиннің, Сәбит Дөнентаевтың, Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдығына, Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына  орай Абай атындағы  көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқауы өтті.

Байқауға 17- 29 жас аралығындағы жастар қатысып, өз шеберліктерін сынға салды. Байқау қорытындысы бойынша ынталандыру сыйлығын Алмалы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Тұрсынәлі Ыриза иеленсе, Абай атындағы мектеп – гимназиясының 11 сынып оқушысы Төлеубек Сандуғаш  II орынды, Қарауылтөбе ауылынан келген Райымбекова Мадина I орынды, Абай атындағы мектеп – гимназиясының мұғалімі- Төребек Сандуғаш бас жүлдені иеленіп, облысқа жолдама алды.

А. Сабитова,

аудандық кітапхана кітапханашысы.       

Мәліметпен бөлісу: