Латын әліпбиіне көшу – заман талабы

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылғалы бері қоғамда қызу талқыланып келетін латын әліпбиі мәселесіне қатысты әртүрлі пікірлер мен көзқарас талқылана келе шешімін тапты.Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа 26 қазан күні қол қойды. Талқыланып жатқан мәселе жайлы Сарқан қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп интернатында ұстаздар мен тәрбиешілер арасында талқыланып дөңгелек үстел өткізілді. Іс – шараны кітапханашы Бектемісова Күлпаш апай жүргізді.

 

Директордың тәрбие – ісі жөніндегі орынбасары Г.Итжанова сөз алып: Елбасының мақаласында көтерілген латын әліпбиіне көшу мәселесі өте өзекті әрі орынды. Түркітілдес елдердің басым көпшілігі латынға көшкен. Сондықтан да түркітілдес елдер арасында қарым – қатынасымыз жақсарады. Ақпараттық технологиялар заманында ақпарат тарату мен алу да латын әліпбиінің ыңғайлы жақтары ескеріледі. Сондықтан жаңа әліпбидегі мәтіндерімізді насихаттау жолында электрондық оқулықтар шығарылады деп ойлаймын. Бұл тұрғыда алаңдаудың қажеті жоқ.
Келесі сөз кезегін алған директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Э.Ошағанова өз кезегінде – Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев латыншаның мектептер мен ғылым ордаларына қалай жол тартатынын баян етті. Ең бірінші «нөлдік» және бірінші сынып мұғалімдерін даярлау басталады. Содан соң біз латын әліпбиін бүкіл білім беру жүйесінде, мектептерге ендіру кестесі жасалынып іске асыруға кірісеміз. 2018 жылдан бастап кезең – кезеңмен іске асырылады деді.
Тәрбиеші С.Ерденбекова -шынымен де бүгінде біз өмір сүріп жатқан ел қуатты мемлекетке айналды. Сондықтан латын әліпбиіне көшсек жағдайымыз қалай болады? деген сұрақ туындауы тиіс, жастардың көбі ағылшын тілін жақсы меңгеруде. Латын әліпбиі соған ұқсас болғандықтан мектеп оқушылары тез игереді деп ойлаймын,- деді.
Іс – шара соңында мынандай түйінге келдік. «Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның коммуникацияның сондай-ақ, 21 – ғасырдағы ғылыми білім беру үрдісінің ерекшеліктеріне байланысты» – деп Елбасы айтқандай, латын әліпбиіне көшу заман талабы. Осы мақсатқа қол жеткізу, соның жемісін көру үшін қолдау көрсету, әрбір жүрегі «елім» деп соққан қазақстандықтың абыройлы міндеті болмақ деп кітапханашы Бектемисова Күлпаш апай іс – шараны аяқтады.

Ж.ИСАЕВА,
Сарқан қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп – интернатының тәрбиешісі.

Мәліметпен бөлісу: