«Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үздік қызметкер» конкурсы

Сарқан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде  «Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үздік қызметкер» конкурсы өтті.

Конкурсқа 4 номинация бойынша үміткерлер қатысты:

-«Жұмыспен қамту орталығының үздік қызметкері» номинациясы бойынша – «Алматы облысы Сарқан ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінің жоғары дәрежелі маманы Сегизбаева Аииза Замангельдиновна.

-«Үздік әлеуметтік үкіметтік емес ұйым»  бойынша – «Мейірлі»ҮЕҰ-ның  төрағасы Қасымханов Секербек.

-«Үздік әлеуметтік қызметкер» номинациясы бойынша – «Сарқан ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің әлеуметтік қызметкері Игибаева Лазат Маулетовна.

-«Үздік медициналық – әлеуметтік мекеме» номинациясы бойынша – «Нұр» Сарқан арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы КММ-нін психолог маманы Жиенкулова Айнур Свержановна және еңбек нұсқаушысы Дюсекенова Алия Абиловна.

Осы қатысушылардың жинаған құжаттары мен бейнероликтары көрсетіліп, нәтижесінде облыстық конкурсқа 4 үміткердің құжаттары жолданды.Ағымдағы жылда әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні  конкурска қатысушылар марапаттауға ие болады.

К.Мухатаева,

бөлім меңгерушісі.

Мәліметпен бөлісу: