Әлеуметтік жағдай сараланды

Өткен сейсенбіде аудан әкімі Ерғазы Қошанбеков Қарашыған ауылдық округінде халықпен кездесу өткізді. Ауылдың әлеуметтік жағдайымен жан-жақты танысуды мақсат тұтқан Ерғазы Қошанбекұлы кездесу барысында бірқатар нысандарды аралады. Алдымен ауыл әкімдігінің аппаратымен кездесіп, бас мамандардың, жетекші мамандардың функционалдық міндеттерін орындау деңгейі әңгімеге арқау болды. Негізінен жас мамандардан тұратын әкімшілік құрамының белсенділіктері мен жауапкершілігін көтеру бағытында нақты тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар өңір басшысы мектеп, ауылдық мәдениет үйі, ауыл тұрғындарына қызмет етіп отырған медициналық амбулатория ұжымдарымен жүздесіп, тыныс-тірліктерін көзбен көріп, жұмысты жақсартуға кедергі келтіріп отырған нақты кемшіліктерді жоюдың жолдарын іздестірді. Сондай-ақ дүкендердің жағдайымен танысып, бос қалған ғимараттарды аралап көрді.

Ауылдағы М.Төлебаев атын-дағы орта мектептің мәжіліс залында өткен кездесу барысында ауыл тұрғындарының тұрмыстық жағдай-лары сараланып, жастардың жұмыс-пен қамтылуын қамтамасыз ету, олардың ауылда қалуына жағдай жасау, бос ғимараттарды іске қосу сияқты мәселелер көтерілді. Жиналғандар алдында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Оралбек Тертюбаев, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Мадияр Қожахметов, тұрғын үй–коммуналдық шаруа-шылық бөлімінің басшысы Жомарт Мыңбаев, төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Азамат Тиінов, аудандық орталық аурухананың директоры Алтай Шулғаубаев, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Тоғжан Ибраева, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхат Шиликбаев, аудандық білім бөлімінің басшысы Панар Имангазиева сөз алып, өз салалары бойынша атқарылатын жұмыстарды ортаға салып, тұрғындар тарапынан түскен сауалдарға жауап қайтарды. Жиын соңында ауылдық округ әкімі Бектілеу Тоқтасынов аудандық мекеме, бөлім басшылығының нақты көмегіне ризашылығын білдірді.
Кездесуде көтерілген мәселелерді шешу және оның тиімді жақтарын қарастыру үшін жауапты бөлім-мекеме басшыларына тапсырмалар берілді.

Ж.МАҚАТҰЛЫ.

Мәліметпен бөлісу: