Үлгі болар тұлғаларымыз бар

Бағзы дәуіріміздегі тарихи тұлғаларымыз тұрмақ тәуелсіз елдің туын желбіреткен марғасқа елдердің есімін жастардың көбі білмейді. Елбасы сол үшін рухани жаңарудың бір тетігі ретінде қарастырып, “Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениетті қалыптастырудың жобасын” жасауды тапсырды. Ол үшін қазақ мәдениет шырқау шегіне шығаратын тұлғаларды шеттен іздемей, өз әлеуетімізді пайдаланғанымыз жөн. Ол ұлттық кодты сақтап, жаңғыртуды жеделдетуге септігін тигізеді. Сонда ғана біз “Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа нық қадам басатын боламыз”. Сол арқылы – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосыларымыз анық.

Алмалы ауылында рухани жаңғыру бағытындағы жұмыстар күн тәртібінен түспейді. Оның айқын мысалы ретінде шаруа қожалық басшыларының бастамасымен А.Әбділданов және А.Әбішев көшелеріне 2 млн. теңге көлемінде қаражат жинақталып, түнгі жарықтандыру жұмыстары жүргізілгендігін мақтанышпен айта аламыз.
Біздің басты күшіміз – бірлікте!

А.АБДРАХМАНОВ,
аудандық мәслихаттың депутаты, фракция мүшесі.

Мәліметпен бөлісу: