Ұлттық музыка – ұлт мұрасы

Мұқан Төлебаевтың мемориалды музейінде қазан айында музей қорындағы музыкалық аспаптар коллекциясынан «Ұлттық музыка – ұлт мұрасы» атты көрме ұйымдастырылды. Бұл шара көрермендерді музей қорында жинақталған экспонаттардың түрлерімен таныстырып, олардың шығу тарихы, қолданылуы туралы толықтай мағлұматтар берілді.

Көрмеге 2019 жылдың жұмыс жоспарына сәйкес музыкалық аспаптардың түрлері – домбыралар, қобыз, пианино, рояль, мандолина, дутар, шіңкілдек және т.б. музыкалық аспаптар қойылған. Музыкалық аспаптар – халық мәдениетінің маңызды құрамы. Аспапты әр халықтың мәдениеті мен тарихын көрсететін айнамен салыстыруға болады.  Әрі,  рухани дамуға септігін тигізетін бірден бір құрал.  Мақсаты да эстетикалық білім және тәрбие беру.

Көрме барысында музыкалық аспаптардың тарихы туралы айтылып қоймай, осы музыкалық аспаптардың музыкалық үні де көрермен назарларына ұсынылды. Осындай құнды экспонаттар негізінде құрылған көрмеде көрермендеріміздің жүрегінде тарихи тұлғалардың өмірінде қолданған бұйымдары арқылы таныстыра отырып, осы туған жерге қазақ халқының тарихына менде осындай із қалдырсам деген мақсатта болады деп көрмемізді аяқтадық.   Көрмеге атсалысып қатысқан №54 және Ушинский атындағы орта мектебінің ұстаздары мен оқушыларына баспасөз арқылы рахмет айтамыз.

А.Жұматаева,

 М.Төлебаевтың мемориалды музейінің меңгерушісі. 

Мәліметпен бөлісу: