Ұлы жеңіске үлес қосқан ұлы тұлға

«Ер-ел үшін туады,

ел үшін өледі» халық даналығы

Сонау сұрапыл соғыс жылдары қасиетті жерді,туған елді неміс басқыншыларынан қорғауға ер азаматтар тегіс майданға аттанды.Қасық қаны қалғанша жаумен шайқасып ,майдан даласында миллиондаған жауынгерлер қаза тапты.

Сұм соғыс өшпейтін із, жазылмайтын жара, ұмытылмас естелік қалдырды.Әр отбасына қайғы –қасірет әкелді,жетім балалар мен жесір аналар ауыр тауқыметпен тірлігін жалғастырды.Соғыстан қайтпай,артында ұрпағы қалмаған жандар қаншама!..

Тылда  «Бәріде жеңіс үшін!» деген ұранмен қүндіз-түні еңбек еткен жас балалар мен әйелдер еңбегі ерен.Тағдырдың жазуына мойын ұсынып, ауыр тірлікті көтеріп, жүрегінде жеңіс деген үміт сәулесін аялап, шаңяырағының отын өшірмеген қайран аналар! Өмір бойы соғыстан баласын күткен кейуаналар,сүйген жарын күткен арулар туралы фильмдер соған дәлел болады.Белгілі сазгер ағамыз Алтынбек Қоразбаевтың  «Қара кемпір»әнін бей-жай тыңдау мүмкін емес..

Рухы биік,жігері мұқалмаған, бойын намыс кернеген,күш-қуаты мол, жүрегінде иманы бар қарапайым жан туралы жазбау мүмкін емес.

Иманбаев Ильяс  Талдықорған облысы, Сарқан ауданы,Сталин колхозы /Қарауылтөбе/ауылында дүниеге текті отбасында  дүниеге келген.Сол замандағы саясаттың кесірінен ата-анасынан ерте айырылады да/ Қытай колхозы/ Пролетарияда әпке-жездесінің қолында тәрбиеленеді.Арабша сауат ашып, 4 класстық білім алады.Жастайынан еңбекке араласып,комбайыншы болып жұмыс істейді.

«Ел басына күн туса,ереуіл атқа ер мінер»дейді халық даналығы 1942жылы қаңтарда өз қалауымен Сарқан қаласының әскери комиссариятынан Алматыға /Верный/ барып ,3ай әскери дайындықтан өтіп, «100-ші атқыштар дивизиясының артилирист қатарына алынып қан майданға аттанады.Фашистердің күші.техникасы, қаруы мықты болған,бірақ біздің жауынгерлердің бойында елжандылық рух,Отанға деген сүйіспеншілік,Ұлы Жеңіске деген сенім ,мақсат баринен биік еді..Великие Луки,Невель  және басқа қалаларды азат етуде кескілескен шайқастар болды.Жауынгер жаудың талай танкілерін жойып,талай жауды жер жастандырды.1944жылы мамырда артилеррист Иманбаев Ильяс кезекті  ұрыста оң қолынан ауыр жараланып әскери госпитальға түсті.   «Қырық жыл қырғын болса да ажалсыз өлмейді»демекші ол екінші топ мүгедегі боп елге оралды.Соғыстан кейін ел экономикасын көтеруге өз үлесін қосты,үнемі ауыр жұмыстарда аянбай тер төкті/егістікте,мал шаруашылығында,құрылыста/.

1952 жылы Бейсбекова Үмітпен некелесіп,отбасын құрды.Амангелді ауылында 3жыл киіз үйде тұрып екеуі де еңбек етті.Жұбайы колхоздың 10сиырын қолмен сауып,кезекпен 100 бұзау бағады екен,кей кезде үлкен қызын  5-6айлық баланы арқасына байлап алып жұмыс істеген екен.

Еңбегі еленіп сыйақыға бір бұзау беріпті.Сол бұзауды мал қылып өсіріпті..1955 жылдары Қарауылтөбе ауылына көшіп келеді, бірақ сол кездегі басқарма мал бағуды жалғастыруын талап еткен,бірде малын өріске қостырмаған..Жағдайға қарамастан ауыл адамдарын жинап, жиналыс ұйымдастырып, «Иманбаев Ильяс мал бақпаймын деді,өкіметтің жұмысын істемеймін, Совет өкіметіне, партияға қарсы келді ,бұл нағыз халық жауы жер аудару керек! Дауысқа  салыңдар!» деген екен.. «Жер аударылсын!» деп қол көтерген жерлестері де болған екен. Ертеңіне ауданнан әскери адам келіп жағдайды сұрайды, құжаттарын тексеріп,қатты ашуланып жұдырықпен үстелді ұрып:  «Он не враг,он советский солдат!» деп басқармаға ұрсыпты,мүгедектігіне байланысты комиссиядан өтсін,жеңіл жұмыс берілсін деп нұсқау жасапты.  «Аққа құдай жақ»демекші осы жағдайды еске алғанда жаны күйзелетін…

1976жылы «Пограничник» совхозына көшіп, сонда малшы болып зейнетке шыққанша жұмыс істеді.Жұбайы екеуі бала-шағасын асырап.немерелер сүйіп,бірге қартайды.Саналы ғұмырын адал еңбекке арнаған, Алланың маңдайына жазғанын көріп,еш қиындыққа мойымай,қайсар рухымен, батырлығымен,адамгершілігімен ерекшеленген қарапайым  тұлға өмірі жас ұрпаққа өнеге болып қалмақ.

Ұлы Отан соғысына қатысып, бизге бейбіт өмір сыйлаған жауынгерлер мәңгілік ел есінде қалады. Ұлы Жеңіс күнін асыға күтетін әке рухына мың тағзым!

Эльмира Иманбаева.

Мәліметпен бөлісу: