Аудандық кітапханада мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Мақал-сөздің мәйегі» атты байқау өтті. Байқауға аудан мектептерінен 10 үміткер қатысты.

Байқау негізінен «Тақырып айтыс», «Жоғалған сөз», «Сөзден мақал құрау», «Қайым-айтыс» немесе мақалды жалғастыру, «Балама мағына» сынды бес айналымнан тұрды. Қазылар алқасы осы сынақтардан сүрінбей өткен М.Жұмабаев атындағы орта мектептің оқушысы Айнұр Алпысбайды бас жүлдеге лайық деп таныды. Жүлделі І орынды Көкөзек орта мектебінің оқушысы Риза Жарданбек жеңіп алды.
Өз тілшіміз.