Мақал – сөздің мәйегі

Ұлттық тәрбиенің өзегі, бабаларымыздың заманалар бойы жинаған даналығының інжу-маржандары, сөз мәйегі болып табылатын мақал-мәтелдер арқылы жастардың ой-пікір, мінез-құлқын қалыптасыруда, бабалар аманатына адалдық, салт-дәстүр сабақтастығын насихаттау мақсатында 20 сәуір күні аудандық кітапханада «Мақал – сөздің мәйегі» атты  байқауы өткізілді.

Байқауға ниет білдірген барлығы 13 үміткер қатысып, байқаудың 5 номинациясы бойынша бақ сынасты. Әділқазылар алқасының шешімімен жүлделі орындар мен ынталандыру орындары анықталып, бас жүлдені ұтып алған Қарауылтөбе орта мектебінің 11 сынып оқушысы Дүйсембек Арнаға облыстық байқауға жолдама берілді.

 

Сарқан аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі.

Мәліметпен бөлісу: