Мақсатымыз – туған тілді төрге шығару

Әр адам өзінің тілін шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап құлағына сіңіруі тиіс. Себебі, тілін білген адамның ғана бойында патриоттық сезім қалыптасады. Олар елге, ұлтқа пайдалы мәселелерді қозғап, жауапкершілікті сезінеді.    Сарқан қаласы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте 5-16 сәуір аралығында мектепішілік «Тілден артық қасиет жоқ, тілден артық қазына жоқ» атты «ЛИРА» пән бірлестік апталығы ұйымдастырылды. Бұл апта-лықта іс-шаралар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілді. Елімізде ұлтымыздың ұлы тілімен қатар әлемдік тілдердің де құндылығы жоғары. Ұстаздардың басты міндеті – шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, болашақ ұрпаққа ұлағатты тәрбие беру.

Апталығымыз ұстаз-дарымыздың ашық сабақ-тарымен және кіріктірілген сабақтарымен жалғасты. Атап айтар болсақ,  мектебіміздің ұлағатты ұстазы қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ж. Мамраева 5 «Б» сыныбымен «Ғаламның ғажайып сандары» атты жаңа сабақты жоғары деңгейде өткізді. Л. Абишева «Ы.Алтынсарин – қазақ даласының алғашқы ұстазы» атты танымды-интеллектуалды сайыс сабағын жүргізді. Сабақ барысында оқушылар Ыбырай атамыздың әңгімелерінен көрініс қойып, өлең жолдарынан үзінділер айтты, жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды. Мектебіміздің М. Смаков «Сөз мерген» тіл танымдық ойынын 5 «Б» сыныбымен өте жоғары деңгейде өткізіп шықты, Р. Хасенова қазақ тілі сабағынан «Қызықты қазақ тілі әлемі» атты интеллектуалды сайыс сабағын өткізді. Оқушылар қазақ тілінің қаншалықты қымбат, қаншалықты қызықты екендіктеріне көз жеткізді. Оқушылар сайыста өте белсенділік танытты. Мектебіміздің директоры А. Мусина сабақ соңында оқушыларға қасиетті қазақ тілімізді ардақ тұтып, қастерлеуді үлкен мақсат етуді ұсынды.

Тәуелсiздiк алғаннан бергi уақытта елiмiзде тiл саясаты елбасы Н.Назарбаевтың тiкелей басшылығымен салиқалы да сындарлы түрде жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысы  жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында тiл саясатына, оның iшiнде қоғамдағы мемлекеттiк тiлдiң мәртебесiн көтеру мәселесiне тоқталмай өткен емес. Президент кезекті Қазақстан халқына Жолдауында: Қазақстан халқы бүкiл әлемде үш тiлдi пайдаланатын жоғары бiлiмдi ел ретiнде танылуға тиiс. Бұлар: «қазақ тiлi – мемлекеттiк тiл, орыс тiлi – ұлт аралық қатынас тiлi және ағылшын тiлi – жаһандық экономикаға ойдағыдай кiрiгу тiлi» -деген болатын. Сол себепті ұстаз мақсаты оқушыларды заман талабына сай, келешекке нық қадам баса алатындай етіп дайындау. Осы міндетті негізге алған орыс тілі және әдебиеті пәні мен ағылшын тілі пәні оқытушылары жоспарлы түрде ашық сабақтары мен сыныптан тыс сабақтарын өткізді. Бірінші аптада орыс тілі пәні мұғалімі Е. Петренко «Путешествие по городу русского языка» интеллектуалды сайыс сабағын, С. Хасенованың «Поэт в России – больше чем поэт» атты жаңа сабақтары қызықты да танымды түрде өтті. Ағылшын тілі мұғалімдері М. Биясил  «Journey intо Space» атты жаңа сабақты түрлі әдіс-тәсілдер мен көптеген көрнекі құралдарды қолдана отырып  өте жоғары деңгейде өткізді. А. Алипова 5 «Б» сыныбымен «Polyglot» жарыс сабағын, А. Джалкибай  2 «Б» сынып оқушыларымен «Changing seasons» атты ашық сабағын өткізді. Сабақта баланың қызығушылықтарын арттырарлықтай слаид, виделолар көрсетілді.

Жоғарыда аталған іс-шараларды өткізуде «Ұстаздың еңбегі шығармашылықтан тұрады» деген қағиданы басшылыққа ала отырып, әр оқушы қазақ елін дамытушы, әлемдегі дамыған елдермен тепе-теңдікке жетуге ат салушы тұлға екендігін ашып, бағыттадық. Ашық сабақтарға қатысқан оқытушылар оқушылардың пәнге деген қызығушылық-тарын байқатқаны, мұғалімдер-дің кәсіби шеберлігі мен педагогикалық біліктілігін, сабақты жүргізудегі қолданыл-ған әдістердің нәтижелілігі жайлы пікір алмасып, оң бағаларын берді.

Қорыта келе, ұлы жазушы Мұхтар Әуезов “Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егер де қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма? ” – деп тура айтқан. Олай болса, тілімізді қадірлей білейік!

#Qazaqstan30

Айдана Джалкибай,

ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.

Мәліметпен бөлісу: