Мектепке тағзым

Қойлық ауылындағы М.Жұмабаев атындағы орта мектепте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Мектепке тағзым» акциясы бойынша жұмыс нәтижелі жүргізілуде.

2-қыркүйекте «Білім күні» мерекесіне орай аудан әкімі Ерғазы Қошанбековтың қатысуымен ауылдан түлеп ұшқан айтулы түлектер тарапынан мектебімізге көптеген сый-сияпаттар тарту етілді. Ауылымыздан түлеп ұшқан кешегі түлектер бүгін мектепке тірек болуда. Рухани жаңғыру елде атқарылып жатқан игі істердің бастамашысы болып табылып, туған жерге деген сүйіспеншілік, туған елге, Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласуда.

Атап айтсақ Мерекенов Тасболат Тайболатұлы 1 видеокамера, 5 іс тігетін машина, Рожаев Балтабек Ғалиұлы 15 домбыра, Мусин Қайрат әулеті түрлі-түсті телевизор, Дүкенбаев Әсет Қабылбекұлы еркін күреске спорттық жабдықтар, Шоқановтар әулеті 14 спорттық доп, командалық киімдер, Қазанатова Күләй Күмісбекқызы 100 түп раушангүл сыйлады. Мұқашевтар әулеті 15 жылдан астам уақыт мектеп оқушыларына «Мектепке жол» акциясы аясында 1 қыркүйек, сонымен қатар «Жаңа жыл» мерекесінде сыйлықтар таратуды дәстүрге айналдырған. Биылғы оқу жылында да осы үрдіс  жалғасын тауып, 1-сыныпқа келген 60 оқушыға сөмке, сабаққа қажетті құрал-жабдықтар тарту етілді. Сонымен қатар  “ЭФКО-Алматы” компаниясы мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге дәстүрлі тарту-таралғыларын ұсынды.

Осындай демеушілеріміздің арқасында мектебіміздің материалдық базасы нығаюда. Еліміздің түкпір-түкпірінде елеулі еңбек етіп жүрген ауыл азаматтарына айтар алғысымыз шексіз.

 

Жанар Иманалиева,

М.Жұмабаеватындағы орта  мектептің директоры.

Мәліметпен бөлісу: