Мемлекеттік қызмет – жауапты міндет

Сарқан ауданы әкімдігінің мәжіліс залында өткен мемлекеттік қызметті өткерудің өзекті мәселелері жөніндегі семинар қатысушылардың көкейіндегі көптеген сауалдарға жауап бергені анық. Семинарға Сарқан, Алакөл және Ақсу аудандары әкімдері және аудандық мәслихат аппараттарының қызметшілері, қала, ауылдық округтері әкімдері мен мамандары, аудандық мекеме, бөлім басшылары мен қызметшілері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.


Сарқан ауданының әкімі Ерғазы Қошанбеков жиынға төрағалық етіп, мемлекеттік қызметтің бүгінгі еліміздің дамуындағы ерекше мәніне жан-жақты тоқталды.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бүтіндей еліміздің даму жолын айқындайтын «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында мемлекеттік аппараттың кәсібилігін және тиімділігін арттыруға бағытталған нақты міндеттерді көрсетіп берді. Аталған міндеттердің ішіндегі ең маңызды тармағы – бұл мемлекеттік қызметті әрі қарай жетілдіру болып табылады.
Жиын төрағасы осы мәселені және жалпы аудан көлемінде мемлекеттік қызметшілерді толғандырып жүрген мәселелерді талқылап, пікір алмасу үшін келген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл Агенттігінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры Равиль Қуанышбайұлы Тюлебаевты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл Агенттігінің Жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Тілектесұлы Бердалинді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Ляззат Мұқатайқызы Бейсеқұлова жинға қатысты. Семинар тақырыбына сәйкес сөз алған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл Агенттігінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры Равиль Тюлебаев, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл Агенттігінің Жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин семинарға қатысушыларды мемлекеттік қызмет саласындағы өркенді өзгерістермен хабардар етіп, жауапты саланың алдында тұрған міндеттерді саралап берді. Сонымен қатар семинардың күн тәртібіндегі сыбайлас жемқорлық тақырыбында көрсетілген бейнероликтегі сюжеттер жиналғандарды бей-жай қалдырған жоқ.


Семинарға қатысушылар тарапынан сауалдар мен ұсыныстар аз болған жоқ. Равиль Қуанышбайұлы, Арман Тілектесұлы, Ляззат Мұқатайқызы өздеріне бағытталған жиналғандардың белсенділігіне ризашылық білдіріп, мемлекеттік қызметшілердің көкейінде жүрген мәселелерді ширатып, тың мәліметтер берді.

Мәліметпен бөлісу: