Несиелендіру шарттары түсіндірілді

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында  шаруа қожалықтары,  мал шаруашылығы саласы жетекшілерінің қатысуымен алқалы жиын өтті.  Семинар-кеңесті аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұртөлеу Мұқашев ашып, “Ауыл шаруашылығының қаржылай қолдау қоры” акционерлік қоғамының Алматы облысы филиалының директоры Мәди Ибадуллаев 2018-2028 жылдарға арналған етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында “Сыбаға” бағдарламасы бойынша несиелендіру шарттарын түсіндірді. Сондай-ақ күн тәртібіндегі осы мәселе бойынша облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мал шаруашылығы бөлімінің бас маманы Динара Жуанышева ой-пікірлерін ортаға салды.

Семинар-кеңеске қатысушылар етті мал шаруашылығын дамытуға игі ықпалын тигізетін несиелендірудің өздеріне тиімді тұстарын атап өтіп, толғандырып жүрген сауалдарын ортаға салды.

Өз тілшіміз.

 

Мәліметпен бөлісу: