«NOMAD‘S SPIRIT» экстремалды спорт түрлерінен жарыс өтті

«Алматы облысының жастар ресурстық орталығы» КММ–нің филиалы «Сарқан ауданының жастар ресурстық орталығы» ұйымдастыруымен Сарқан қаласы, «Қойтас» табиғи паркі және «Жастар» саябағында аудан көлемінде, қала күні және жастар жылына орай қаламызда алғаш рет «NOMAD‘S SPIRIT» атты экстремалды спорт түрлерінен жарыс өтті.

Мақсаты: Қатысушылардың күш-жігерін, жылдамдық, қайсарлық, төзімділік, жеңіске ұмтылушылық, өзі туып-өскен елі мен жеріне деген отансүйгіштік қасиеттерін шыңдап, қалыптастыру. Жарысқа қала және ауданымыздың жастары, проббация тіркеуінде тұрған жастар, студенттер, аудандық аурухана және мектеп оқушыларынан құралған командалар қатысты. Шара барысында қала әкімі А.Орынбеков жастарды қала күні мерекесі және жастар жылымен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарыс экстремалды спорт талаптарына сай өткізілді, қашықтығы – 2000 метр, жалпы бөгеттер саны – 8. Ойын барысында ең ұзын биіктік 3 метрді құрайтын зәулім кедергілерді бағындырған, су, батпақ кешкен 9 команда қатысып, бас жүлдені өз ұйымшылдықтарының арқасында, үздік уақыт көрсетіп, қаржылай марапатын жеңіп алған командалар: I  орын Сарқан политехникалық колледж студенттері «ВЕРСУС» командасы – 50. 000 тг, II орын Бақалы ауылдық округі «Бақалы жастары» командасы – 30.000тг, III орын Пробация тіркеуінде тұрған жастар «Көкжал» командасы-20.000тг.

Ануар Салимбеков,

«Сарқан аудандық жастар  ресурстық орталығының» маманы.

Мәліметпен бөлісу: