Ой-пікірлерімен бөлісті

«Алматы облысының жастар ресурстық орталығы» КММ-нің филиалы «Сарқан ауданының жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде жастарды жарқын азаматтардың өмір жолдарына үңілдіріп, дұрыс бағытта жол көрсету, ел тарихын білуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге үлес қосатын білімді ұрпақ тәрбиелеу мақсатында “Сарқан” газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі Жомарт Мақатұлы Игіманмен кездесу өтті. 

Кездесуге қала мектептерінің жоғарғы сынып  оқушылары қатысты. Ел тарихын білуге, елімізді өркендетуге үлес қосуға ынталы оқушылар тарапынан қаламгерге көптеген сұрақтар қойылды.  Өздерінің ойларында жүрген ой-пікірлерімен бөлісті. Кездесу барысында оқушылар ақынның өмір жолынан ой түйіп, жақсы әсер алды.

Алтынасық ТИЛЕУБАЙ,

аудандық жастар ресурстық

орталығының психолог

маманы.

Мәліметпен бөлісу: