Отбасы – өмір айнасы

Ауданымызда “Отбасын қолдау апталығы” республикалық акциясы өз жалғасын “Сұлтан” бастауыш партия ұйымында тауып, Сарқан қаласындағы Ы.Алтынсарин орта мектебінде “Отбасы – өмір аясы” атты тақырыптық кездесу өтті.

Шараға “Нұр Отан” партиясы аудандық филиалының консультанты Айдос Әшірбекұлы Омаров, аудандық әжелер алқасының төрайымы, партия белсендісі Күлшарбан Мырзабайқызы Қалиева, жастар және партия мүшелері қатысты. Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбиелеушілік міндеті, оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі – баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің ең маңызды міндеті. Кездесу барысында аға буын өкілдері жастарға отбасылық құндылықтар туралы түсіндірген соң қатысушылар ой-пікірлерімен алмасты. Жиын соңында Сарқан ауданы бойынша білім саласындағы жас мамандар қатысқан жастар атынан шара ұйымдастырушыларына алғысын білдірді.

 

Өз тілшіміз.

 

 

Мәліметпен бөлісу: