Партия конференциясы өтті

Сарқан гуманитарлық колледжінің мәжіліс залында “Нұр Отан” партиясы аудандық филиалының кезектен тыс XXIII конференциясы өтті.

Конференцияны  аудан әкімі, “Нұр Отан” партиясы аудандық филиалының төрағасы Марат Разбеков ашып, Сарқан қалалық әжелер алқасының төрайымы Күлшарбан Қалиева “Нұр Отан” партиясының 20 жылдығы. Жасампаздық және әлеуметтік даму кезеңі”, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Дамир Каипов “ҚР Президентінің “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” атты 2018 жылғы 5-қазандағы Жолдауын іске асыру барысы туралы” баяндамалар жасады.

Конференцияға арнайы қатысқан Алматы облысы бойынша “Атамекен” кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша сөз алып, “Нұр Отан” партиясының 2030 жылға дейінгі Бағдарламасы жобасының негізгі ережелерін талқылау туралы”  баяндап, осы тақырыпта “Нұр Отан” партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Түсіпов қосымша баяндама жасады.

Конференцияда облыстық партия филиалының XXV конференциясына делегаттар сайланды.

Мәліметпен бөлісу: