Президенттің Алғыс хаты тапсырылды

Ағымдағы жылдың 4-ші шілдесінде  «Nur Otan» партиясы Сарқан аудандық филиалында Нұр -Сұлтан күні мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.

Жиынға партия ардагерлері, аудандық мәслихат жанындағы депутаттық фракция мүшелері, БПҰ төрағалары, жастар, партия белсенділері қатысты. Аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Аслан Кубентаев мерекемен құттықтап Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы науқанында үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізген штаб мүшелері, сенімді өкілдері және филиал қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатын табыстады.

Сонымен қатар  Аслан Нұрахметұлы 2019  – Жастар жылына байланысты бірқатар белсенді жастарды партия қатарына қабылдап, партиялық билеттерді табыс етті.

Мәліметпен бөлісу: