Ұранды елдің – ұрпағы қайсар!

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты

Қырандай күштi қанатты.

Мен жастарға сенемiн!

М.Жұмабаев.

Елімізде «2019 жыл – Жастар жылы»,- деп белгіленген. Жастар жылына орай түрлі ауқымды шаралар ұйымдастырылып, нәтижелі игі істер халық назарына ұсынылып жатыр. Биылғы жылы дәстүрлі түрде жыл сайын әскери-патриоттық «Айбын» жастар жиыны өткізілді. Бұл іс-шараны іске асыру 2020 жылға дейінгі Жастар саясаты тұжырымдамасының жоспарына  енгізілген.«Айбын» Халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынының негізгі мақсат-міндеттері мынадай:  1) Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жүйесін іске асыруды жоғарылату, әскери-патриоттық клубтар қызметі және олардың мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен қарым-қатынасын бақылау; 2) Жастар арасындағы халықаралық және ұлтаралық достықты нығайту,  жастарды халықаралық келісім және құрметтеу рухында тәрбиелеу; 3) Жастарды Қарулы Күштерінің әскери қызметіне дайындау, әскери қызметін өтеуде олардың дағдылары мен әрекеттерін қалыптастыру; 4) Салауатты өмір салтын насихаттау, тұлғалық жетілу, жастарды әскери-қолданбалы және техникалық дайындыққа дағды-ландыру болып табылады.

Осы міндеттерді жүзеге асыру барысында аудан көлемінде “Айбын” әскери патриоттық, спорттық сайыс ұйымдастырылды.

Сайысқа жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері де өтінім білдіріп, қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.

Сайыстың басты мақсаты – әскери қызмет туралы қала жастары арасында оңтайлы көзқарас қалыптастыру, жастарды Отанға қызмет етуге әркез дайын болуға шақыру және отансүйгіштікті қалыптастыру болды. Сонымен қатар, бұл байқауда қатысушы жастардың өзін-өзі танытуына жағдай жасалды, өзін-өзі көрсету арқылы тәжірибесін арттыруға мүм-кіндіктер берілді және армия қызметінің мәртебесін асыруға, қиыншылығын білуге, қызығын тануға үй-ретті.

Осы сайысқа 6 командалық топ қатысып, нәтижесінде «Ы.Алтын-сарин атындағы орта мектеп» КММ-нің «Қыран» тобы спорттық ойынның іріктеу кезеңінің І орын жүлдегері атанып, 40000 теңге қаржылай сыйлығын жеңіп алды. Жалпы сайысқа қазылық білгірлігімен танылған азаматтар әділ бағаларын беріп отырды. Үздік деп танылып, жеңіске жеткен қатысушылар әр кезеңдерде жинаған топтық есептер бойынша арнайы ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хатпен және  бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Мектебіміздің дарынды балаларынан жасақталған «Қыран» тобы аудан атынан 30 қазан-1 қараша аралығында Алматы облысы Сарыөзек қалашығындағы әскери бөлімінде өткізілген облыстық сайысқа қатысып, өзде-рінің қажырлы әскери өнерлерін паш етіп келді. Нәтижесінде «Қыран» тобы өз өнерлерін ерекше көрсетіп,  арнайы Алғыс хатпен және жекелей Мақтау қағаздарымен марапатталды. Қырандай жас ұландарымыздың азаматтық борышын ұштап, сайыстың қыр-сырын үйретіп,  әскери қадамдарын нығайтып дайындап жүрген мектебіміздің алдыңғы қатарлы ұстаздарының бірі, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Байбосынов Ерік Базарбайұлының еңбегі зор деп білемін. «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы», дегендей ұстаздарының үйреткен біліктілігін сайыс барысында көрсеткен ұландарымыз: 11-сынып оқушылары: Ахмет Ақтілек, Мухтаров Бейбарыс 10-сынып оқушылары: Ақсақал Шалқар, Сайлаубек Елдос, Қабдуали Рүстем. Жетекшісі Байбосынов Ерік Базарбайұлы.

Аудан, облыс көлемінде өткізілетін осындай әскери-патриоттық шаралар еліміздің жас ұландарына азаматтық рух, жүректеріне жалау, көңілдеріне күш беретіні анық. Қадамдарын нығайтып, патриоттық тәрбиеге бағыттайды. Алдағы уақытта «Қыран» тобының жас ұландарына жолдарының ашық, болашақтарының жарқын болуына тілектеспін!

Ж.Мамраева,

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.

Мәліметпен бөлісу: