Құрбан айт мейрамы құтты болсын!

Қадірлі жерлестер!

Баршаңызды ислам әлемінің ұлық мейрамы – Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын! Бұл – егемен еліміздің береке-бірлігін бекемдейтін, қанағат пен қайырымдылықты арттыратын айрықша мейрам. Биыл мерекенің алғашқы күні шілде айының 31-жұлдызына, яғни қасиетті жұма күніне сәйкес келіп тұр. Жалпы аталмыш мерекенің басты рәсімі – Құрбан шалу пендені шүкіршілік пен тәубаға, аманатқа адалдық пен сертке беріктікке шақырады.

Құрбан айт таңы атысымен-ақ исі мұсылман баласы ғұсыл құйынғаннан кейін, карантиндік шараларға бойұсынып таңғы сағат 7:00 ден бастап Аллаһ разылығы үшін құрбан шалып аз қамтылған отбасыларына, көрші-қолаң, туыс-туғандарға таратылса болады.

Төл дініміздің басты мұраты – жамандыққа жол бермей, бүкіл адамзатқа тек жақсылық тілеу. Осы ұлағатты жолды халқымыз ұлттық дәстүрімен  ғасырлар бойы ұстанып келеді. Қасиетті Отанымыздың басты байлығы – адам , адамның денсаулығы, ұлтаралық татулық пен дінаралық келісім.

Құрметті мұсылман қауым! Алла тағала баршамыздың айттан айтқа аман жетуімізді жазсын, ағайын! Келешегімізді кемел, жүзімізді жарқын етсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бірлігіміз бекем, бауырымыз бүтін болсын! Құрбан айт мүбәрак болсын! Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты
Айт намазы оқылмайды.

Серікбек Асқар,

Сарқан ауданының бас имамы.

Мәліметпен бөлісу: