Құрметтейік қасиетті ананы

Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен 8-наурыз – Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғап, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі қашанда әдемілік, әсемдік, адалдық, мейірімділік қатарлы ғажап қасиет пен шынайы сезімдердің паш етілетін күні. Мереке қарсаңында аудан жұртшылығы да мәдениет үйінде бас қосып осынау айрықша мейрамды сәні мен салтанатын асырып атап өтті.

 

Ш  араны ашқан аудан әкімі Ерғазы Қошанбеков барша нәзік жандарға деген мерекелік құттықтау лебізін білдірді. Тірлікте ерлермен иық тіресе еңбек етіп, еліміздің өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосумен қатар өздерінің қасиетті парызы-отбасы ұйытқысы, шаңырақ шырақшысы міндетін адал атқарып келе жатқан әйелдер қауымының қоғамдағы орнын айшықтаған Ерғазы Қошанбекұлы өңір аруларына алғысын ақтарды. Қа-зақстан Рес-публикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 19 ақпандағы №638 Жарлығымен Сарқан қаласының тұрғындары Абдолла Алтынхан «Алтын алқа» алқасымен, ал Нұразиманова Әсел Жұмаханқызы мен Садықова Жайнагүл Шаймерденқызы «Күміс алқа» алқасымен наградталған болатын. Нәзік жүздерге мерей сыйлаған марапат бастауын аудан басшысы осынау бірқатар батыр аналарға алтын және күміс алқаны салтанатты түрде табыстаумен бастады. Сонымен қатар «Білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін», «Алаш ұстазы» медальдарын өңіріне таққанд ардың, Құрмет Грамотасын, Алғыс хатты иеленгендердің мерейленгендігіне көпшілік куә болысты. Басшы ерлер қауымы мен мәдениет үйінің өнерпаздарының бірлескен мерекелік концерті сөзсіз көпшілік есінде ұзаққа сақталады. Марапат көріп марқайып, әсем әуен аясында көңілді уақыт өткізген нәзік жандылар – ардақты аналар, ару қыз-келіншектер осылайша көңілдері кемеріне келіп тарқасты.

П.ЖЕҢІСХАН.

Мәліметпен бөлісу: