Рухани-адамгершілік құндылық

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіретінін» атап көрсетті.Олай болса Әбу Насыр Әл-Фараби – ұлы ғұлама айтқандай: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы,ол келешекте оның өміріне апат әкеледі».

Сапалы білім мен саналы рухани-адамгершілік тәрбие беру,өзінің ісін, өнерін жалғастыратын салауатты,саналы ұрпақ қалдыру – әрбір ұлттың қай кезде болмасын алдында тұрған ұлы мұрат-міндеттерінің бірі.Ол келешек қоғам қамын ойлау болып табылады.

Рухани-адамгершілік құндылық – адамдық ішкі жан-дүние қасиетінің өлшемі, адамның жақсылыққа ұмтылуы, дұрыс өмір сүру мәселелері жайында ізденуі, өзін өзі танып, өзін өзі бағалап,сол арқылы дүниені,әлемді тануы.

Әлем қарқынды түрде өзгеріп келеді.Бүгін біздің Елбасымыз бізге Үшінші жаңғырту жөнінде міндет қойып отыр.Рухани жаңғыру бағыты бойынша № 1 мектеп-гимназиясында түрлі іс-шаралар өтуде.

«Білім беру жүйесінің міндеттері – ұлттық және адамзаттық құндылықтар,ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға,дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдай жасау.Жеке адамның шығармашылық,рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту,адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру,даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» – осының бәрі жан-жақты жетілген жеке тұлғаны қалыптастырады. Осы бағытта біздің мектеп ұжымы аянбай еңбектенуде.

Б.САГИМБЕТОВА,
№1 мектеп-гимназия кітапханасының меңгерушісі.

Мәліметпен бөлісу: