Рухани жаңғыру бағдарламасының маңыздылығы

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Сарқан «Балалар шығармашылық үйінде» «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдардың біз үшін маңыздылығы» тақырыбында ұстаздар арасында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің өтуіне жоспар құрған оқу ісінің меңгерушісі Б.Жанибекова мен әдіскер Г.Мукашева.

Дөңгелек үстелдің мақсаты Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту. Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау. Дөңгелек үстел барысында екі топқа бөлініп мына мәселелер қаралды. 1. Екі топқа бөлініп, эмблеманы қорғау; 2. Интервью; 3. Екі топқа тапсырма: Ұстаздың жақсы қасиеттері және кемшіліктері; 4. Жеребие бойынша тапсырма; 5. Қорытындылау, Рефлексия. Мен бүгін дөңгелек үстелден алған әсерім.
Дөңгелек үстел барысында төрелік еткен Балалар шығармашылық үйінің директоры А.Б.Жаркенова, домбыра, шахмат – дойбы үйірмесінің жетекшісі Ахметқалиев Аманғали Сапанович пен вокал – эстрада үйірмесінің жетекшісі Атабаева Зульхабира Канапиевна болды. Ұстаздар рухани жаңғыру арқылы болашаққа деген өзінің парасатты пікірлері мен көзқарасын білдірді. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы Жолдауда қозғалған бағыттарды кеңінен тарқатып, мемлекеттік идеологияны анықтайтын, көпке түсінікті, рухани жаңғыртуға бағытталған құжат деп білеміз.
Мақаланы оқи отырып, оның әрбір сөйлемінде бүгініміз бен болашағы жарқын Қазақстанға апаратын нақты жоспар, мақсат көрсетілгендігін түсіндік.Ұлт жоспарын орындауда әр саланың өзіндік үлесі болса, ұзтаздар қауымы қосатын үлес –жас ұрпақты жаңа қоғам мүшесі етіп білім мен тәрбие беруді жаңаша құру, оны осы Елбасымыз көрсетіп отырған талаптарға сай орындау деп білеміз.

Біздің елдің Елбасы,
Халыққа Жолдау жолдайды.
Рухани жаңғыру:
Болашаққа бағдар деп,
Бізге мақала арнайды.
Мақсаты айқын Жолдаудың,
Бағыты да бір болғай.
Алты бағыт ұсынып,
Дамыған 30 елге кіру, қол бұлғай.
Біртұтас елді құрамыз,
Осы Жолдауды қолдаңыз.
Жаңғырудың жолында,
«Қазақстан» – деп тік тұрамыз.

Ж.МАМАНОВА,
Балалар шығармашылық үйінің мәдени демалыс ұйымдастырушысы.

Мәліметпен бөлісу: