Рухани жаңғыру – ұлттың ұлы мұраты

Рухани жаңғыру  –  білім мен біліктіліктің қатар дамуы. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы білім мен ел бірлігі тақырыбы бүгінгі күні аса маңызды екені даусыз. Тәуелсіз еліміз алдына үлкен мақсат қойды. Ол барынша дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Бұл мақсаттың орындалуы қазіргі жастардың, келешек ұрпақтың білімі мен ел бірлігіне тікелей байланысты.

Бүгінгі таңда әлем көз ілмес жылдамдықпен өзгеріп жатыр. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында жер – жерде атқарылып жатқан игі істерді қуана қолдап жүрміз.

М.Төлебаев атындағы орта мектебінде жаңа жылдық шырша мерекесін ауылымыздың 1960 жылғы түлектері «Қуанса, бала қуансын» деген ниетпен 5-7 сынып оқушыларына түгелдей әр түрлі ойыншық, сыйлықтар таратып, қуантты. Жүздері бал-бұл жанған оқушыларымыздың қуанышында шек жоқ. Бұл игі іс – әр ұрпақ бойында патриоттық сезімдерін оятуға, үлгі боларлық бастама.

Болашақта келер ұрпақ «Елім маған не істейді емес, мен еліме не істей аламын» деген Дж. Кеннедидің ұлағатты сөзін  ұран  етіп , барлық күш – жігерін өз еліне, Отанына арнаса алынбайтын асу болмас дер едім .

Мәншүк Тулеутаева,

М.Төлебаев атындағы орта мектебінің педагог – психологы.   

Мәліметпен бөлісу: