Рухани жаңғыру – ұрпақтың дара жолы

Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жанаруы, сана сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Рухани жаңғыруды өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Көне замандағы көрікті қалаларымыз сән салтанаты таласқан озық ескерткіштеріміз, мәдени мұраларымыз бұлтартпас айғақ болып табылады. Елбасымыз рухани жаңғырудың бірнеше принциптерін ұсынған болатын. Олар бәсекелестік қабілет ғаламданудың жаһандық жүйесіне еніп, XXI ғасырдың талаптарына дағдыланудың қамына кірісу сапалы табыстың кілті екенін атап айтты. Прагматизм: Ұлан ғайыр қазыналарымызды қалпынша қолданып, қорғау, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой,салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат.Бұл мақалада сананы жаңғырту,ұлттық болмыстан айырылып қалмай,оны әлемдік құндылықтарымен үлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр.Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі. Біздің мектептің ұстаздары осы бағдарламаны жүзеге асыру жұмыстарына ат салысуда. Биыл Тұңғыш Президент күніне орай №1 мектеп-гимназиясы бірнеше іс-шаралар ұйымдастырды: сынып сағаттар, «Жасай бер, жаса Тәуелсіз Қазақстан!» кітап көрмесін, «Жас батыр» атты 9 сынып оқушылар арасында әскери спорттық сайысын, «Мен Тәуелсіз Қазақстанды бейнелеймін», 5-7 сынып оқушылар арасында «Егеменді еліміздің еңсесі биік болсын» атты сурет байқауы және көрмесін,орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдер бірлестігі 8-10 сыныптар арасында «Тұңғыш Президент және менің Отаным» шығарма байқауын үш тілде ұйымдастырып, өткіздік. Шығарма жазған оқушылар марапатталды, атап айтқанда 8 «Б» сынып оқушысы Лозовая Виктория, 9 «Б» сынып оқушылары Токпакова Амина, Возная Анастасия, Қайырбек Рустам, Ступаков Евгений, 9 «Ә» сынып оқушысы Кабдолданова Елдана, 10 «А» сынып оқушысы Бикасымова Балжан, 10 «Б» сынып оқушысы Ракитянская Нина.
Тәуелсіздік күніне арнап Тәуелсіздікке 26 жыл толуына орай бірнеше іс-шаралар өтті. 6-8 сыныптар арасында, Отандастарымызды еске алу мақсатында «Желтоқсан құрбандары» атты әдеби кеш, балалар мен жасөспірімдерді «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау іс шара салтанатты түрде өтті. «Қазақстан Республикасының 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай Сарқан ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, майор Т.Альсейтов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Түсіпов А.Борамбаеваға Қазақстан Республикасы Ауған соғысының Ардагерлер атынан «Құрметті ұстаз» төсбелгісін, мақтау қағазын салтанатты түрде табыс етті.
«Мәңгілік ел» болуға қадам басқан тәуелсіз Қазақстанның Президенті Н.Ә.Назарбаев «Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі», – дей келе, жаһандану алдында ұлт ретінде жойылып кетпеуі үшін ұлттық кодын сақтаған, терең білімді, бәсекеге қабілетті, ұлттық құндылықтарын бойына сіңірген ақыл-ойы кемел тұлға болуына маңыз береді.
Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылатын жастарды тәрбиелеу – біздің асыл борышымыз.

А.БОРАМБАЕВА,
№1 мектеп-гимназиясының мұғалімі.

Мәліметпен бөлісу: