Сұраққа жауап берді

Қаңтардың 10-ы күні өтетін сайлауға “Nur Otan’ партиясының атынан қатысатын үміткерлер заман ағымынан қалмай, әлеуметтік желілердің  мүмкіндігін кеңінен пайдаланудла.

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Аслан Абдрахманов «Үміткерге сұрақ қойыңыз» атты онлайн кездесу өткізді. Кездесу барысында үміткер Аслан Төреханұлы “Nur Otan’ партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, сайлаушылар қойған сұрақтарға жауап берді.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, үміткердің алға қойған мақсат-мүдделері бағытындағы сауалдарға тұшымды жауап берген Аслан Абдрахманов партияның сайлауалды бағдарламасында қарастырылған бағыттарды атап өтті.

“Есіктен есікке”  акциясы аясында, аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Айман Карамулдинова  Черкасск ауылының тұрғындарына , Байжан Сейткулов  Қарабөгет ауылының тұрғындарымен, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер  Ермек Алинов,  Динара Арынбекова   Сарқан қаласының тұрғындарымен   канвассинг кездесу өткізіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Ж. ЖОМАРТҰЛЫ

Мәліметпен бөлісу: