Салауаттылық жайлы сауатты әңгіме

29 қазан – Дүниежүзілік инсультпен күрес күні болып есептеледі. Аталмыш күн аясында денсаулық саласының мамандары аудандық «Сарқан» газеті мен мемлекеттік тілді оқыту орталығында болып қайтты.

9

Дәлірек айтқанда аудандық орталық аурухананың терапевт-дәрігері Сағатай Төлегенова, психолог Жадыра Ильясийн және салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің дәрігері Сандуғаш Әсет салауаттылық турасындағы өз ойларымен бөлісті. Әсіресе Сағатай Абдуақасқызының басты байлық-денсаулық хақындағы, ми қан айналысының бұзылуы жайындағы сауатты пікірлері көпшілік көкейіне ұялады. Шара соңында нұсқаулықтар таратылып, қатысушылардың қан қысымдары өлшенді.

Өз тілшіміз.

 

Мәліметпен бөлісу: