“Samǵaý-2018”: Жетісудың үздік БАҚ өкілдері марапатталды

Талдықорғанда, «Самғау» – журналисттер жүлдесінің жеңімпаздары анықталды. Жылдың басты сыйлығы саналатын байқауда, 11 наминация бойынша 143 материал қабылданған.
Салтанатты шара, мемлекет басшысының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылған.


Үздік деп танылған БАҚ өкілдерін облыс әкімі Амандық Баталов марапаттар алдында, барша кешке қатысушыларды келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап өтті
– Құрметті журналистер! Баршаңызды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Жарқын жетістіктер мен толайым табыстар елім деген әрбір азаматтың көңіліне қуаныш сыйлайды. Ал сол жетістіктерге жетісулықтардың да қосқан үлесі зор. Біз мәдениет пен әдебиет, әлеумет, экономика сынды сан сала бойынша толымды көрсеткіш көрсетіп келеміз. Талдықорған шаһары көрсе көз тоймайтын сұлулыққа ие болды. Құрылыс саласы жанданып, зәулім де әсем ғимараттар сап түзеді. Бұл сіздер мен біздің ортақ жеңісіміз, – деді өңір басшысы.


Сонымен қатар, Облыс әкімі « Самғау» журналистика саласының ардагерлерін, облыс аудандары мен қалалары газеттерінің, телеарналардың, ақпараттық агенттіктер мен интернет-басылымдардың қызметкерлеріннің басын біріктіретін ерекше мереке екендігін атап айтты.

Айта кетейік, Алматы облысы БАҚ өкілдеріне, олардың шығармашылық және кәсіби дамуына барлық жағдай жасауда. Мысалға, тек осы жылы ғана 16 облыстық БАҚ өкілдерінен тұратын топ еліміздің 8 өңірінде болып қайтқан. Оған қатысушылар сакралды Географияны зерделеп, Қазақстанның сакралды географиясы картасына енген 100-ден астам нысанды өз көздерімен көріп зерделеп шыққан. Сондай-ақ, Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Беларусь және Украина сияқты көршілес елдердің баспа редакциясына да іс-сапарлар ұйымдастырған. Ерекше атап өтерлік тағы бір жайт, Al-Jazeera халықаралық медиа агенттіктерімен, Euronews, BBC телеарналарымен, NHK Жапон хабар тарату корпорациясымен (ЭНЭйЧКЕЙ) байланыс орнатылып, ынтымақтастық жүргізілуде.

Осыған сәйкес, енді Алматы облысының журналистері осы медиа компаниялардың әрқайсысының редакциясына барып, шетелдік әріптестерінен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алмақ.

Мәліметпен бөлісу: