Сапалы мемлекеттік қызмет – басты міндет

«Халық арасында үгіт насихат жұмыстарын жандандыру мақсатында халық көп шоғырланған жерлерге үгіт насихат құралдарын ілу». Бұл жақында аудандық әкімдікте өткен аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті 9-ші отырысының Сарқан ауданының әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімше жұмысына енгізген ұсыныстары.

Отырысты аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы С.Садықов ашып, жүргізіп отырды. Кеңес өз отырысында «аудан көлемінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы» Сарқан ауданының әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімшесінің басшысы Алия Копбаеваның есебін тыңдады. Баяндамашы өз сөзінде тұрғындарға барынша сапалы әрі тиімді қызмет көрсету бағытындағы ақпараттық-насихаттық жұмыстардың жүргізілуі, жүзеге асырылған нақты шаралар турасында және мекеме-бөлімдердегі мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы кемшіліктер жайында айтып берді. Тұрғындар арасында жүргізілген арнайы сауалнама ауданымызды облыс көлемінде алдыңғы қатардан айқындағандығы да бірқатар істердің атқарылғандығының көрсеткіші іспеттес. Баяндамашыға соңында Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан сауалдар жолданды. Кеңес отырысы Сарқан ауданының әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімшесінің басшысының «Сарқан ауданы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы» есебі қанағаттанарлық болып есептелсін деген шешім қабылдады.Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: