Сарқан ауданында Сарқан жеміс консерві зауыты іске қосылды

Алматы облысы Сарқан ауданында барлық алманың атасы атанған Сиверс алмасынан шырын шығаратын зауыт іске қосылды деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.


Ауданымызда жыл сайын шағын кәсіпке ден қойған азаматтардың қарасы көбеюде. Осының арқасында жаңа жұмыс орыны ашылып, халық жұмыспен қамтылмақ. Осы орайда биылғы жылы аудан бойынша 694 тұрақты жұмыс орындары ашылды.
«Sivers juice» атауымен шығып жатқан «Сарқан жеміс консерві зауыты» ЖШС-нің басшысы Ринат Калиуллиннің айтуынша. 
– Бұл іс көп жылғы ойдың жемісі. Жалпы, Алматы облысын алып қарасақ, Шеңгелді өзінің сарымсағымен аты шықса, Қызылағаш ауылының қауын-қарбызы талайларды мойындатып үлгерді. Аймағымызды басып өткен жолаушы біздің алманың дәмін жақсы біледі. Бірақ біз алқызыл алманы сатудан ары аса алмадық.

Сондықтан неге осынау көл-көсір жемісті тиімді пайдаланбасқа деген ой мені осынау іске алып келді. Нәтижесінде сөз бен істі қабыстырып, Ресей және Қытай елдерінен қажетті құрал-жабдықты алдырып, қыркүйек айынан жұмыс жасап жатырмыз. – деді жеке кәсіпкер.
Зауыт күніне 500 литр сусын шығаруға қауқарлы ал, өндіріс ошағында 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жеке кәсіпкер жергілікті «Лимонка» және «Кандел» сорттарынан шырын алуда.
Ринат Әлімханұлы болашақ жоспарларымен бөлісіп.


– Ісіміз өрге басқан соң бүгінгідей бейімделген емес, арнайы ғимарат салу ойда бар. Аяққа жаңадан тұрған соң қиыншылықтар да жоқ емес. Дайын өнімдерді сақтайтын кең қойманың қажеттілігі, дербес трансформатордың болмауынан электр қуатының жетіспеушілігі іске қолбайлау. Дегенмен «көш жүре түзелетіндігіне» сенімдіміз. Біздің бастамамызға аудан әкімі Марат Мелісұлы жан-жақты қолдау білдіруге құлшыныс танытып отыр. 
Айта кету керек, зауыт келешекте жылыжай салып онда сәбіз, қызанақ өсіріп, олардан шырын сығып, өнім түрлерін арттырмақ.

Мәліметпен бөлісу: