
Құрметті Сарқан ауданының сайлаушылары!
Мен, Маманбаев Ғалымжан, 1968 жылы 19 тамызда Талдықорған облысы, Сарқан ауданы, Қойлық ауылында дүниеге келдім. Білімім – жоғарғы. Мемлекеттік қызметте жұмыс істеген үлкен тәжірибиемнің арқасында, мәселелерді шешу жолдарын білемін.
АУДАНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
- Ауданның елді мекендерінде жайылымдық жер тапшылығы байқалады
- Аудан бойынша шаруашылық каналдардың тозуы 60% құрайды
- 36 елді мекеннен 28 елді мекені орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Су құбыры желілерінің тозуы – 30%. Сондай-ақ жолдардың қанағаттанарлықсыз жағдайы (35% 143 км).
- Сарқан қаласын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету
- Кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету
АТАЛҒАН ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ЖОСПАРЫМ:
Алдағы 5 жылда ауданның дамушы аграрлық аймақ ретіндегі позициясын нығайтып, ауыл шаруашылығының дамуын және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге:
– 500-ден астам ауыл тұрғындарын қамтитын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді несиелендіру үшін ауыл шаруашылығы саласына қаржы институттарын тарту, бұл олардың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді;
– жыл сайын 3,5 млрд теңгеге 120 бірліктен астам ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу, машина-трактор паркін 30%-дан 75%-ға дейін жаңартуға мүмкіндік береді;
– инвесторлар есебінен 100 адамды жұмыспен қамтамасыз ететін 300 басқа арналған 2 тауарлы-сүт фермасын салу;
– «Ауыл аманаты» партиялық жобасы бойынша бірінші траншқа 3 адам 17 млн теңгеге мақұлданды, екінші траншқа 176 млн теңгеге, 26 адамның құжаттары ӘКК қарауына жолданды, алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасын табады;
– «Жер Аманаты» партиялық жоба бойынша, біз қазіргі таңда мақсатына сай пайдаланбай жатқан 32 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтардық, алдағы жоспар 100 мың гектар жерді қайтару, сонымен қатар елді мекендердегі жайылымдарды 80 мың гектардан 100 мың гектарға дейін ұлғайтып, халықтың 95 пайызын жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету, бұл ауыл шаруашылығы жануарлары санының 102%-дан 108%-ға артуына әкеледі;
Алға қойылған міндеттерді орындау барысында ауыл шаруашылығы саласында жұмыспен қамтылған халық табысының 164 мың теңгеден 213 мың теңгеге дейін өсуіне және жұмыссыздық деңгейін 6,4 пайыздан 4,8 пайызға төмендеуіне әкеледі.
- Қолжетімді баспана – халықтың әл-ауқатын арттыратын факторлардың бірі.
Жалпы аудан бойынша кезекте 828 адам тұрса, оның 321-і әлеуметтік жағынан осал отбасылар.
Бюджет есебінен қаржыландыру жоспарлануда:
– 5 жыл ішінде 35,7 мың шаршы метр құрылыс жұмыстары;
– 5 жыл ішінде «Болашақ» ықшам ауданын салу (екі 5 қабатты, 60 пәтерлік арендалықтұрғын үйлер салынуда);
– 2024 жылы 120 арендалық пәтерден тұратын екі 5 қабатты үй салу;
Бұл шаралар 5 жыл ішінде 770-тен астам отбасын, оның ішінде халықтың әлеуметтік топтарынан 210 отбасын, 120 жетім және 70 көпбалалы отбасын баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
- Жолдардың сапасын жақсарту үшін келесі жұмыстарды жүргізу жоспарлануда:
– 79,2 км аудандық маңызы бар жолдарды орташа жөндеуден өткізу (2023 ж. – 13,0 км; 2024 – 16,7 км; 2025 – 17,5 км; 2026 – 15,6 км; 2027 – 16,4 км.);
– Қарғалы ауылынан Ақтұма ауылына дейінгі жол жөндеу жұмыстарын аяқтау;
– Облыстық маңызы бар автомобиль жолдары жөнделетін болады: Пограничник ауылы – Көкөзек ауылы, Екіаша ауылы – Тополевка ауылы, республикалық тас жолдан Қарабөгет ауылына дейін, Аманбөктер ауылы;
– ауыл ішіндегі жолдарды жақсартуға жыл сайын қаржы бөлінетін болады;
– 2027 жылға дейін елді мекендердің барлық орталық көшелері және қажетіне қарай қосалқы көшелер де жарықтандырылатын болады;
– М.Төлебаев ауылындағы Лепсі өзенінде, Черкасск ауылындағы Теректі өзенінде және Аманбөктер мен Баянбай ауылдарын жалғайтын Басқан өзенінде жаңа көпірлер салынады.
Нәтижесінде, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 85%-ға (345 км) дейін ұлғайтылады.
- Сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жалпы келесі жұмыстар орындалатын болады:
– Сарқан қаласының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ететін бас су қабылдағышын күрделі жөндеуден өткізу;
– 5 елді мекенді, 27,5 мың адамды қамтитын су құбыры желілерін салу және қайта жаңарту (2024 ж. – 1 Сарқан; 2025 ж. – 2 Алмалы, Екіаша; 2026 ж. – 1 Қойлық; 2027 ж. – 1 Шатырбай);
Нәтижесінде ауылдарды сумен қамту қызметіне тұрғындардың қолжетімділігі 99,1 пайызды құрайды.
- Білім беру қызметінің сапасын арттыру үшін келесі жұмыстар жоспарлануда:
2027 жылға дейін 3 білім беру нысанына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, олар:
2025 ж. – 1 нысан («Қ.Қазыбаев атындағы ОӘК орта мектебі» КММ)
2026 жыл – 1 нысан («Ақтума орта мектебі» КММ» КММ),
2027 ж. – 1 нысан («М. Тынышбаев атындағы ОӘК орта мектебі» КММ).
– сонымен қатар, 2026 жылға дейін 100 орындық «№3 мамандандырылған мектеп-интернатының» жаңа құрылысын салу жоспарлануда;
- Инклюзивті білім беру ортасын құру, бұл бағытта:
– 2027 жылға дейін 5 білім беру нысанын бейімдеу;
– Алмалы орта мектебінде ауыл мектептерінің балалары үшін инклюзивті қолдау кабинетін ашу. Оның көмегімен 23 баладан тұратын 8 мектептен инклюзивті білім беруге жататын балаларға қолдау көрсету болжануда;
2025 жылы Балқаш көлінің жағасында 100 орындық мүгедек балаларға арналған оңалту орталығын салу жоспарлануда.
Нәтижесінде балаларды инклюзивті біліммен қамту 100%-ға дейін артады.
- Бүгінгі таңда ауылдық елді мекендерінде денсаулық сақтау ғимараттарының тозығы жеткені байқалады.
Бастапқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша 2023-2024 жылдар аралығында 3 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарлануда (М. Төлебаева, Қарғалы, Ақтұма ауылдары), 2025 күрделі жөндеу жүргізіледі – 1 денсаулық сақтау нысанына.
– 2023 жылы Ешкіөлмес, Қазыбаева, Бірлік, Черкасск ауылдарында 4 медициналық пунктке блоктық-модульдік кешендер орнатылды;
– 2024 жылы Аманбоктер ауылында медициналық пунктке блок-модульдік кешенін орнату жоспарлануда.
– 2025 жылы Тополевка, Шатырбай ауылдарында медициналық пунктке блок-модульдік кешенін орнату жоспарлануда.
– 2024 жылы орталық аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда.
– 2025 жылы Лепсі ауылындағы ауылдық аурухананы күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда.
– 2027 жылы Бақалы ауылындағы ауылдық дәрігерлік амбулаторияны күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда.
- Барлық жастағы тұрғындарды дене шынықтырумен айналысуға тарту үшін спортпен шұғылдануға қолайлы жағдай жасау қажет.
– Сарқан қаласында дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешенінің құрылысы (2 млрд 300 млн. ЖСҚ дайын). Жоба бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізуге арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенін құруға, сондай-ақ спорт секцияларының ауқымын кеңейтуге және жаңа спорттық секцияларды – самбо, үстел теннисі, волейбол, баскетболды ашуға бағытталады.
– «Денсаулық және ұзақ өмір сүру орталығы» жабық бассейнінің құрылысы жоспарланған. Ауысымына 40 адамды қабылдайтын жабық бассейнде жүзу секцияларын дамытуға, спортшылардың сапалы дайындығын қамтамасыз етуге, облыстық және республикалық маңызы бар жүзу түрлерінен жарыстарды өткізуге, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарға сауықтыру шараларынан өтуге мүмкіндік береді.
– Биылғы жылы Қойлық ауылында заман талабына сай орталық стадионды ресми түрде ашқан болатынбыз. Бұдан бөлек, Абай ауылындағы орталық спорт алаңы, М.Төлебаев ауылындағы шағын футбол алаңы және спорт алаңы, Аманбөктер ауылындағы шағын футбол алаңдарының құрылысы аяқталды, Сарқан қаласында жаңа жабық футбол стадионы салынып, қыста спортпен шұғылдануға мүмкіндік береді, сонымен қатар Сарқан қаласының Орталық стадионы толығымен қайта жаңғыртылды.
– 2023 жылы Сарқан қаласында, М.Төлебаев ауылында балаларға арналған ойын алаңдары салынатын болады;
– Сарқан қаласындағы «Шанхай» ықшам ауданында шағын футбол алаңы, «Қойтас» саябағын абаттандыру мақсатында теннистік корт және скейтборд алаңы да салынатын болады.
- Халықты жұмыспен қамту үшін келесі жұмыстар атқарылатын болады:
Барлық әлеуметтік аударымдарды алу үшін жұмыс беруші мен қызметкер арасында міндетті электронды еңбек шартының болуын бақылауды күшейту. Бұл шаралар жалған, бейресми жұмыс орындарын қысқартуға мүмкіндік береді.
– мемлекеттік бағдарламаларды, инвестициялық жобаларды, сондай-ақ республикалық жобаларды іске асыру есебінен жыл сайын 2,1 мың жұмыс орнын, оның ішінде кемінде 1,2 мың тұрақты жұмыс орнын қамтамасыз ету;
– жыл сайын ауыл шаруашылығында 1,5 мың адамды жұмыспен қамтамасыз ету;
– кемінде 50 жұмыссыз азаматты жыл сайын оқыту және кәсіптік біліммен қамтамасыз ету;
– 2027 жылдың соңына дейін ауданда кемінде 14 мың жұмыс орнын, оның ішінде кемінде 6 мың тұрақты жұмыс орнын қамтамасыз ету жоспарлануда.
Қорытындылай келе, жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыру нәтижесінде инженерлік-коммуникациялық және жол инфрақұрылымының өзекті мәселелері шешіліп, медициналық көмек көрсету сапасы артады. Білім сапасы да көтеріліп, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жақсаратын болады.
Алдағы 5 жылда Сарқан ауданы дамушы ауыл шаруашылығы өңірі ретінде позициясын нығайтып, инвестициялық қорынның ұлғаюы күтілуде, бұл ретте негізгі үлесін шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған жобалар құрайтын болады.
Құрметті жерлестер!
Мен бар күш-жігерімді:
– Біздің ауыл шаруашылығымыз жоғары технологиялық және жоғары табысты болуына;
– 2027 жылға қарай аудан бойынша инфрақұрылым (жолдар, тратуарлар, жарықтандыру, сумен жабдықтау) жаңартылуына;
– Денсаулық сақтауда ауылдық округтердегі барлық жоспарланған нысандар салынып, күрделі жөндеуді қажет ететін барлық нысандар жөнделуіне;
– Білім беру саласында өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу үшін қолайлы жағдайлар жасауға;
– Пограничник ауылындағы Мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізіп, Аманбөктер ауылында Мәдениет үйі үшін блоктық модульдік кешенін салынып, сол арқылы барлық ауылдық округтер заманауи мәдениет үйлерімен және клубтармен қамтамасыз етіуіне;
– Жыл сайын аудан орталығында 4-5 көше және ауылдық округтерде 1-2 көше жаңартылуын;
– Қаланы және барлық елді мекендерді сапалы ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етуіне және Сарқан бас суқабылдағышын жөндеуіне;
– Бақалы, Черкасск және Лепсі ауылдарында жаңа футбол стадиондарының құрылысы, сондай-ақ Сарқан қаласында жабық бассейн мен дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салынуына;
– Балқаш өзенінің жағалауын инфрақұрылымымен қамтамасыз етуге бар күш-жігерімді саламын.
Менің барлық жұмысым жерлестерімнің өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталатын болады!