
Құрметті сайлаушылар!
Мен Разбеков Марат Мелісұлы 1966 жылы 03 қыркүйекте Талдықорған облысы Сарқан қаласында дүниеге келдім. Білімім жоғары. Өзімнің білімімді, күш-жігерімді ауданымыздың әлеуметтік жағдайындағы түйіткілді мәселелерін шешуге жұмсаймын.
Құрметті жерлестер! Сіздерге төмендегі сайлауалды бағдарламамның негізгі бағыттарын атап өтсем:
- Жер мәселесін шешуге ықпал ету;
- Жастардың бос уақытын тиімді пайдалануына ықпал ету;
- Шағын және орта бизнесті дамыту;
- Жас ұрпақтың сапалы білім алыуын басты назарда ұстау;
- Сарқан қаласы және аулдардың сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету;
- Ауданымызға инвесторлар тарту;
- Денсаулық саласын басты назарда ұстау;
- Сыбайлас жемқорлықпен күресу. Қай салада да жемқорлық әрекеттерге жол бермеу;
- Жолдардың сапасын жақсарту.
Менің барлық қызметім халықтың талап – тілегін орындауға, пайдалы шаруа тындыруға арналады.
Қадірменді жерлестер!
Бұл – менің сайлауалды бағдарламамның қысқаша мазмұны. Маған сенім білдіріп, көтеріп отырған бастамаларымды қолдаған жағдайда ауданның, округтің барлық тұрғындарының мүдделерін білдіріп, ауданымызға аянбай еңбек етемін деп сенім білдіремін.