Сарбаздарды құттықтады

7-мамыр-Отан қорғаушылар күні  аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Маманбаев бастаған топ Екіаша ауылдық округінде орналасқан 2484 әскери бөліміне қарасты «Тополевка» және «Покатиловка» шекара бекеттеріне арнайы барып, сарбаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Тыныштығымызды тынымсыз күзетуші әскерилердің құрметіне аудандық мәдениет үйінің, Сарқан гуманитарлық колледжінің өнерпаз ұжымдары арнайы концерттік бағдарлама ұсынып, рухты әуен, әсем биден мерекелік шашу шашты. Өз кезегінде сарбаздар да қарап қалмай қоян-қолтық ұрыс түрлерін және арнайы иттерді қызмет бабында қолдану тәсілдерін көрсетіп, шеберліктерін паш етті. Соңында меймандар солдат асханасынан дәм татты.

Б.Ақыбаев,

«Сарқан» шекара комендатурасы комендантының тәрбие және

 идеология жұмыстары жөніндегі орынбасары.    

Мәліметпен бөлісу: