Шағын футболдан жарыс өтті

«Алматы облысының жастар ресурстық орталығы» КММ-нің филиалы «Сарқан ауданының жастар ресурстық орталығы» ұйымдастыруымен Алмалы ауылдық округінде жастардың денсаулығын нығайту және өскелең ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеу, жарысқа қатысушылардың спорттық шеберлігін көтеру және салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен жүйелі түрде айналысуға ықпал ету, ауданның барлық аймақтарында жастардың спорттық шеберліктерін және жан-жақты дайындықтарын арттыру мақсатында «жастар жылына» орай шағын футболдан жарыс өтті.

Жарысқа аудан орталығынан және ауылдық округтерден спортшылар қатысты. Жалпы жарысқа қатысқан команда саны – 10. Ойын қызықты да тартысты өтті. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған командалар диплом, кубок, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Д.Байдуалиев,

Алмалы ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскері,

«Алмалы» БПҰ мүшесі.

Мәліметпен бөлісу: