Шекарашылар жеңімпаз атанды

Биыл Елбасының елорданы Астанаға көшіру тарихи шешіміне-20 жыл толып отыр. Ел жүрегінің Алатау баурайынан Арқа төріне қоныс аударған жиырма жылдығына орай ауданымызда түрлі шаралар қолға алынуда. Соның жарқын бір мысалы жақында Астананың 20 жылдық мерейтойына орай Аманбөктер ауылдық округі әкімшілігінің ұйымдастыруымен волейболдан сайыс болып өтті.

 

 

Аталмыш сайысқа ауылдық округ әкімшілігінің, мектептің, «Жоңғар Алатау» МҰТП-ның, селден қорғау мекемесінің өкілдері және «Покатиловка» шекара заставасының қызметкерлері қатысты. Тартысты өткен турнир нәтижесінде шекарашылардан құралған команда І орынды жеңіп алды.

Әлібек ЖҮРСІН,
2484 әскери бөлімі «Покатиловка» шекара застава бастығының ТжӘҚЖ орынбасары, лейтенант.

Мәліметпен бөлісу: