«STREET DANCE» – заманауи би байқауы

«Сарқан ауданының жастар ресурстық орталығының» ұйымдас-тыруымен аудандық мәдениет үйінде “STREET DANCE” заманауи би байқауы өткізілді. Мақсаты: ауданымыздың үздік заманауи би топтарын, өнерлі де дарынды балаларды анықтап, қолдау көрсетуге жағдай жасау. Жастар арасында заманауи биге деген қызығушылықтарын арттыру.

Байқауда ауданымыздан қалалық және ауылдық округтерден 11-команда қатысты атап айтсақ: Алмалы ауылдық округі, Тасарық орта мектебі «Sisters» командасы, №1 мектеп гимазиясы «Nomber one» командасы, Амангелді ауылдық округі «WHEN I WIN» командасы, Абай атындағы мектеп-гимназиясы «PRINTSESSY» командасы, Балалар шығармашылық үйі «Talaanted cover dancers» командасы, ШахИнНаз би орталығы «ШахИнНаз» командасы, Ақын Сара орта мектебі «STAR» командасы, Сарқан гуманитарлық колледжі «WINNERS» командасы, Қарабөгет ауылдық округі «Crystals» командасы, Н.Островский атындағы мектеп-лицейі «Hodgirls» командасы, Сарқан қаласы, Арлан би орталығы «ARLAN JUNIOR» командасы. Байқау 2-кезеңнен тұрды: 1-кезеңде қатысушылар өздерінің дайындап келген би қойылымдарын көрсету, 2-кезең жартылай финалға өткен 4 команда өзара бақ сынасу. Шараға арнайы әділ бағасын беру үшін Талдықорған қаласының «ARLAN FAMILY» заманауи би үйірмесінің жетекшісі – Дүйсеков Айдын (DK) шақырылып, әділ бағасын берді.

Байқау жоғары деңгейде қызықты да тартысты өткізілді. Барлық топтардың дайындығы жоғары деңгейде болды. Байқау қорытындысы бойынша қатысушы, жеңімпаз командалар бағалы сыйлықтармен және диплом, алғыс хаттармен марапатталды.

Жеңімпаздар I-орын «Nomber one» №1 мектеп-гимазиясы, II-орын «CRISTALZ» Қарабөгет ауылдық округі, III-орын «ARLAN JUNIOR» Арлан би орталығы. «BEST SHOW» (үздік қойылым) номинациясына Сарқан гуманитарлық колледжі «WINNERS» командасы, «BEST YOUNG TEAM» (ең жас команда) номинациясына «ШахИнНаз» командасы ШахИнНаз би орталығы, «BEST DANCERS» (үздік биші) номинациясын биге деген құштарлығымен көзге түскен балалар шығармашылық үйі «Talaanted cover dancers» командасының бишісі- Әмір Айгерім иеленді, «BEST YOUNG» (ең жас биші) номинациясына Қарабөгет ауылдық округі «Crystals» командасының бишісі- Абылқасымова Аружан ие болды.

 А.Салимбеков,

аудандық жастар ресурстық орталығының маманы.

Мәліметпен бөлісу: