Сыңғырла соңғы қоңырау

Мамырдың 25-інде  аудандағы  25 орта мектепте соңғы қоңырау соғылып, 11 сыныпты бітірген 345 оқушыға алтын ұя мектептері сәт сапар тіледі. Биылғы оқу жылының қорытындысында «Алтын белгіге» үміткерлер саны   44 болса, 17 оқушы «Ерекше үлгідегі аттестатқа»  үміткер болып отыр. Алдыда емтихандар мен ұлттық бірыңғай тестілеу бар.

«Сыңғырла, соңғы қоңырау!» салтанатты жиынының  барысы соңғы қоңырау үнімен, әсерлі музыкамен оқушыларды, ата-аналарды, қонақтарды қарсы алу, оқушыларды сапқа тұрғызып, АӘД пәні  мұғалімдерінің мектеп директорларына рапорт беруінен басталды. Салтанатты рәсім бойынша мектептің үздік оқушылары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды. Салтанатты жиынға қатысушы қонақтармен таныстырылып, оларға сөз берілді.

-Білім бөлімінің тарапынан аудан мектептерінде зейнеткерлікке шығатын мұғалімдерге алғыс хат тапсырылды. «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» салтанатты жиыны барлық мектептерде жүйелі түрде өткізілді,-дейді аудандық білім бөлімінің басшысы Панар Иманғазиева. –  Ауданда 25 орта,  1 негізгі орта, 4 бастауыш мектеп, 9 балабақша, 19 шағын орталық және 1 балалар шығармашылық үйі жұмыс істейді.  2018-2019 оқу жылын аудан мектептері 7464 оқушымен бастап, 7421 оқушымен аяқтады.

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: