Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті

Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылысқа, қоғамдық дертке айналды. Сыбайлас жемқорлық әлемнің кез-келген елінде бар, бұл дерт мемлекеттің  әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың қалыптасуын, инвестициялар тарту үдерісін тежейді. Сондықтан онымен күресті тек Үкімет пен мемлекеттік құзырлы органдардың міндеті деп қарамай, Қазақстан Республикасының әр азаматы өз борышы санауы керек. Сонда ғана жемқорлыққа қарсы күрес нәтижелі болмақ.

Қазақстан Республикасының сайлаушылар қолдауына ие болған Президенті Қасым – Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететінін, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтінін, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретінін атап көрсетті.  Ең бастысы – адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ. Бүгінгі таңдағы аса маңызды міндет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден республикамыздың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, заңның негізінде мемлекеттік міндеттер атқаруға уәкілетті адамдар мен оларға теңестірілген адамдар жауапты болатындығы көрсетілген.

Бүгінгі таңда  сыбайлас жемқорлықпен күресу мақсаты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар  сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуді көздейді. Осыған орай аудандық қазынашылық басқармасында техникалық сабақтар, семинарлар өтіп қоғам дертіне қарсы іс-шара басшылықтың тұрақты назарында болып келеді.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін қоғамның барлық құрамының жүйелі түрде күш-жігері керек. Мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіретін әрекеттерден баршамыздың аулақ болғанымыз   мемлекетіміздің дамуына қосар үлесімізге айқын жол ашады.

Г.Тілеуберлина,

аудандық қазынашылық басқармасының бас маман-

бас қазынашысы.

Мәліметпен бөлісу: