Тұғырнама таныстырылды

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Алматы облыстық және аудандық қоғамдық штабының үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда.

Алматы облыстық және аудандық «Nur Otan» партиясы қоғамдық штабының мүшелері   Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа қолдау көрсету мақсатында «Қанатжан» ЖШС-і, аудандық аурухана, Сарқан гуманитарлық колледжі және  «Сұлтан»  ЖШС-інің  қызметкерлерімен кездесті. Кездесуге облыстық және аудандық қоғамдық штаб мүшелері, кандидаттың сенімді өкілдері және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Кездесуде сөз алған партия ардагерлері, облыстық, аудандық  штаб мүшелері   кандидаттың өмірбаяны мен еңбек жолы туралы баяндады.

 Шара соңында аудандық қоғамдық штабтың төрағасы Кубентаев Аслан Нұрахметұлы келген қонақтарға және жиналған ұжым қызметкерлеріне алғысын білдіріп, -«Алдағы сайлауда барлығымыз бір адамдай жұмыла дауыс беретінімізге сенемін!» дей келе, партия сенім білдіріп отырған үміткерімізді қолдауға шақырды.

Сонымен қатар, кездесу барысында жалпыұлттық «BIRGE» акциясы аясында еңбек ұжымының ұсыныс-тілектері тыңдалып, сенім жәшіктеріне сайлаушылардың жазбаша ұсыныстары жинақталды.

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: