Тағылымды кездесулер

Жуырда желілік кестеге сәйкес «Jas Otan» ЖҚ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Сәлімбеков жастармен «Елбасының көшбасшылық жолы» тақырыбында кездесу өткізді. Елбасының ғұмыр жолы, өткен белестері қашанда жастар үшін үлкен өнеге болып табылады. Ендеше, Тұңғыш Президент туралы айтылатын басқосу да жастарды талапты болуға, мақсатсүйгіштік пен табандылыққа жетелейді. Осындай мақсатты ұстанған жиынның жастарға беретін тағылымы мол болды деп айтуға болады.

Амангелді, Черкасск, Қойлық ауылдарында саяси кеңес мүшелері мен бастауыш партия ұйымдарының төрағалары ҰОС мен еңбек ардагерлерін аралап, тұрмыс жағдайларын өз көздерімен көрді. Аға буынға жасалып жатқан қамқорлық пен әлеуметтік қолдаудың толастамайтынын сездірген жұмысшы топ  ардагерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымен танысты. Өз кезегінде ардагерлер ризашылықтарын білдіріп, өздеріне жасалып жатқан қамқорлыққа разы екендіктерін жеткізді.

Елбасы – партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының кезекті XVIII съезінде халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған төрт басымдықты анықтап берген болатын. Соның бірі – әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдауды көздеген «Бақытты отбасы» жобасы.  Бұл бастама тікелей көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға жүйелі қолдау көрсетуге бағытталған. Аталған жоба аясында саяси кеңес мүшелері көпбалалы аналардың үйлерін аралап, тұрмыстық жағдайларын бақылап, мемлекет және демеушілер тарапынан көрсетіліп жатқан әлеуметтік қолдауды байқады.  

«Nur Otan» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Аслан Кубентаев «Бақытты отбасы» партиялық бағдарламасын түсіндіру бойынша онлайн кездесу өткізді. Бағдарлама негізінде аймақта атқарылып жатқан жұмыстарды атап көрсеткен спикер бұл бағыттағы шаралардың  әлі де талай жалғасын табарына басты назар аударды.

Сонымен қатар «Nur Otan» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Аслан Кубентаев аудандық кітапханада  «Бәсекеге қабілетті жастар» тақырыбында жастармен кездесу өткізді. Еркін форматта өткен басқосу барысында Аслан Нұрахметұлы жастардың жұмыссыз жүруінің басты себебі мамандықты дұрыс таңдамауда екендігін мәлімдеді. Мектеп қабырғасынан бері армандаған мамандыққа қол жеткізіп, нақты бір кәсіп иесі болыңдар. Қандай жағдайда да адамгершіліктеріңді жоғалтпаңдар, деп өз өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, ақыл-кеңесін берді. 

«Jas Otan» ЖҚ-ның ескерткіштер, саябақтар, алаңқайларды абаттандыру бойынша «ПАТРИОТ ЖАСТАР» акциясы өткізілді. Іс-шара аясында жастар ескерткіштер, саябақтар маңындағы қарды күреп, маңын тазалап, оларды күтіп ұстайтындары туралы мәлімдеді. Қала тұрғындарының бос уақытында демалып, көңіл көтеретін орындарының таза әрі қоқыстан ада болуы әр тұрғынның сана-сезіміне байланысты екендігі  анық.

Сол сияқты «Nur Otan» партиясы Сарқан аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Аcлан Кубентаев және Сарқан аудандық мәслихатының депутаты Жомарт Игіман «Сарқан Жылу» орталық қазандығының еңбек ұжымында азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуы мен әлеуметтік кепілдіктерін қорғау мәселелері бойынша кездесу өткізді. 2015 жылы қазан айында пайдалануға берілген орталық жылу қазандығы жұртшылыққа қызмет көрсетуде. Жалпы құны 977, 721 млн. теңгені құрайтын қуатты нысанда үш жылу қазандығы орнатылған. Бес жылдан бері аудан мекемелері мен кәсіпорындарын, көп қабатты тұрғын

Үйлерді, бірқатар жекеменшік секторларды жылумен қамтамасыз етіп келе жатқан “Сарқан Жылу” шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын ұжымына тұрғындар дән риза. Кәсіпорын директоры Рахат Рахметов “Сарқан Жылудың” бүгінгі тыныс-тірлігімен таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Аслан Нұрахметұлы аудан орталығын жылумен қамтып отырған ұйымның қызметкерлеріне аудандық партия филиалының атынан алғыс білдірді.

Ж. ЖОМАРТҰЛЫ,

партия мүшесі.

Мәліметпен бөлісу: