Тазалық жұмыстары жүргізілді

«Тазалық – саулық негізі», «саулық – байлық негізі»  деген аталы сөздің тамыры тереңде жатыр.Бұл сөз Қарашыған ауылдық округі тұрғындарының қазіргі таңдағы ұстанымы. Ауыл тазалығы туралы қағидаға орай округ бойынша абаттандыру, санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілді.

Округте тазалықты қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға округ жастары белсене ат салысты. Соның бірі  Қарашыған ауылдық округіне қарасты Мұқан Төлебаев ауылының, М.Төлебаев көшесінде орналасқан Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіштің маңына округ әкімінің бастамасымен округ жастары белсене араласып тазалық жұмыстары жүргізілді.Ескерткіш маңындағы жиналған қоқыстар шығарылып, көктем мезгілінде отырғызылған көшеттер суғарылды. «Ауылына қарап азаматын таны» деген нақыл сөз бар.Осы сөзді әрбір азамат санасында ұстаса, ауданымыз көркейіп, гүлдене түсері сөзсіз!

Т.БИМОЛДАНОВ,

Қарашығанауылдықокругініңжастарісіжөніндегіәдіскер – нұсқаушысы.

Мәліметпен бөлісу: