Тіл – тәуелсіздіктің айғағы, ұлттың жаны

Тіл ұлттың жаны, рухы, оның бет бейнесі, өткені мен бүгіні және болашағы. А.Байтұрсынұлы  «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады», – деп тілдің ұлт үшін қандай маңызды екенін бір-ақ ауыз сөзге сыйдырған.

Тіл – тек қарым-қатынас құралы емес, ұлтымыздың биік тұғыры. Бұл ретте біздің мемлекетіміздің тілге деген жанашырлығы басым. Елбасы жыл сайынғы халыққа жолдауында да басым бағыттарының бірі – мемлекеттік тілді жан – жақты дамытуға басты назарда ұстап келеді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тіл туралы талап міндеттерінде «Қазақ  қазақпен қазақша сөйлессін» деген. Бұл әр қазақстандықтың қастерлі парызы.  Қазақ тілінің өз мәртебесіне  сай толыққанды қоғамдық қызмет атқаруы аса қанағаттанғысыз екенін, жан-тәнімізбен түсіне отырып,  бүгінде «Тіл туралы» заңның жүзеге асу барысын талқылауда басты назарды мемлекеттік тіл тағдырына  аударарымыз анық.  Өйткені қазақ тілі әлемдік мәдениеттің бөлінбес  бөлшегі ретінде  тек қазақ топырағында  ғана мемлекеттік мәртебені талап ете алады.

Біздің қазақ халқының тілі өте бай, айтылуға орамды, көркем тіл. Тіл-адамның барлық саналы өмірінің құралы: өнер-білімді, мәдениеттілікті, қоғамның белсенді азаматы болуды ол тіл арқылы үйренеді. Тіл оның ішінде біздің ана тілі еліміздегі халықтардың барлық іс-әрекетінің, қарым-қатынасының құралы болуы тиіс, оның мәдениетін жоғары сатыға көтеру әрбіріміздің борышымыз.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келер болсам, тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тіл мәртебесі – ел мерейі. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек.

Тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны.  Тілдің мәселесі – ұлттың мәселесі. Мерейін асыратын да, құтын қашыратын да өзіміз.

М.Имангалиева,

Сарқан аудандық сотының жетекші маманы.

Мәліметпен бөлісу: