Тіл – татулыќ тірегі

Сарқан ауданының қорғаныс істері жөніндегі жеке құрамымен және «Алматы облысының «Тіл» оқу әдістемелік орталығы» КММ Сарқан аудандық филиалының меңгерушісі Мусабаева Ж.С. және аталмыш орталық қызметкерлері  Тультекенова Н.А., Джулдасбаева Э. А.,  ұйымдаса отырып, «Тіл – татулық тірегі» атты айлыққа дөңгелек үстел  өткізілді. Дөңгелек үстел басында Қазақстандағы өзге ұлт тілінің жай-күйі баяндалды.

Қазақ тілін білу қазақстандық патриотизмнің белгісі.  Тіл – адамдық белгісінің бірі. Тіл өте қажетті, өйткені тіл арқылы бір-бірімізбен әңгімелесе аламыз. Оған қоса мемлекеттік тіл – татулық пен бірліктің тірегі. Мемлекеттік тілді өркендетсек өзге ұлт адамдарымен тіл арқылы қарым-қатынаста боламыз. Тіл мен қарым-қатынас біріккенде ғана сыйластық, достық, адамгершілік пайда болады. Сонда мемлекеттік тіл – татулық тірегі болады. Шара барысында қазақстандық ұлттарды біріктіруші фактор – тілге қатысты осындай дүниелер айтылды.

 

А.Құрақбаева,

аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің азаматтық қызметкері.

Мәліметпен бөлісу: