Туған жер туралы танымдық туынды

С.Сейфуллин атындағы облыстық кітапханада өлкетанушы  Жаңабай Әділбайұлы  мен белгілі ғалым, тарихшы Есенай Тұрғанбайұлының «Көк желекті- Көктерегім» атты жинағының тұсаукесері өтті.                                                                                          

Жалпы кітап «Киелі мекенім – Көктерек»,  «Қайталанбас қасиет иелері», «Естеліктер» атты үш бөлімнен тұрады. Авторлар бірінші бөлімде Садыр елінің С

ыр бойынан 1807 жылдары Көкше теңізінің шығысындағы Лепсі өзенінің төменгі ағысына көшіп келуі мен қаруы қолынан түспеген Сартолағай, Дула, Бекболат батырлардың бейнесін  ауыл ақсақалдарының әңгімесі негізінде тартымды жеткізсе, одан кейінгі мақалаларда XIX ғасырдың ортасындағы Жетісу облысы,  оның ішіндегі қазақ тарихында ерекше орны бар Лепсі уезіндегі саяси оқиғаларды,  Көктерек  елді мекені мен ерекше экономикалық маңызы бар Романовка көпірі, осы өлкедегі  1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс  тарихы мен коллективизация кезіндегі солақай саясатты архив құжаттары мен ресми деректер арқылы ұтымды баяндап,  оқырман қауымға дер кезінде ұсына білген.

Екінші бөлімде авторлардың  XIX ғасырдың алғашқы жартысында осы  елде  ғұмыр кешкен тарихи тұлғалар Қоңырбайұлы Көтен тәуіп пен  Тілеукеұлы Бәйтік дамолданың қалдырған мол мұрасы мен өсиеттері, төрелік айтқан Базарбай мен Шыңғай билердің тәрбиелік тағылымдары,  мыңды айдаған  бай-бағландар Қапсалаң мен  Құрымбайдың шалқыған дәулеті, дін діңгектері Мұхамади  мен  Райыс қажылардың  мән – мағыналы ғұмыры  туралы тарихи деректерді ғылыми айналымға енгізіп, олар жайлы тың мағлұматтар тауып, құнды ұсыныстар мен ұтымды пікірлер білдіріп,  дереккөздер арқылы айғақтауы – аса зор ыждағаттылықтың нәтижесі.

Үшінші бөлімдегі белгілі қоғам қайраткерлері, атақты ғалымдар мен ауыл азаматтарының замандастары мен кіндік қаны тамған  жерлері  жайлы толғаулары, ата-аналары туралы естеліктері  бүгінгі жастарға  үлгі боларлық дәрежеде шынайы  суреттелген.

Сарқан-Ақпарат..

Мәліметпен бөлісу: