Туристік маршрутта қауіпсіздік техникалық ережесін сақтау

Туристік маршрут дегеніміз  – белгіленген қызмет көрсету бағдарламасы бар, белгілі бір уақытқа арналған алдын-ала жоспарланған туристердің жылжу трассасы. «Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде» 13 туристік маршрут жұмыс істейді. Туристік маршрутта экскурсия өткізу үшін қауіпсіздік техникалық шараларды сақтау басты қағидалардың бірі. Экскурсия өткізген уақытта туристер келесі қауіпсіздік шараларын сақтау қажет:

– таңдалған маршрутта қауіпсіздік техникасы мен тәртіпті қатаң сақтау; – топтан алыс кетпеу және маршруттан ауытқуға тыйым салынады; – аялдаған жерде көлік жүргізушісінің рұқсатынсыз көліктен түсуге болмайды; – жолдың қарсы бағытына шығуға болмайды; – аялдаған кезде қарап-көру алаңдарында белгіленген және шектелген аймақтан шықпау; – өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау; – жеке қауіпсіздік  және санитарлық шараларын  сақтау; – экскурсия жетекшісінің барлық нұсқауларын орындау; – маршрутта спирттік ішімдіктерді ішуге тыйым салынады; – белгісіз өсімдіктерді, гүлдерді, шөптерді жинауға болмайды және белгісіз жидектерді тамаққа қолдануға болмайды;

Асқынған аурулары бар демалушылар денсаулық күйінің барлық өзгерістерін топ жетекшісіне хабарлап, емделуге қолданылатын дәрі-дәрмекті өзімен бірге алып жүру керектігін естен шығармаңыздар!

Ә.Мақсутов,

   «Жоңғар-Алатауы МҰТП» РММ

 рекреация және туризм маманы.

Мәліметпен бөлісу: