Улы газдың қауiпi!

Алматы облысы ТЖД ескертеді! Пеш жағу маусымында улы газбен улану жағдайларын болдырмау үшін үш айда бір рет түтіндіктерді тазалау, пештердегі ақаулықтарды уақытымен жөндеп, жарықтарды майлау қажет.

жанып жатқан пешті қараусыз қалдырмаңыз, сонымен бірге оны балалардың қараунда қалдырмаңыз;

жағу үшін дайындалған отынды пештің алдындағы темір тақтайшаға қоймаңыз;

пешті қатты қыздырмаңыз;
пешті пайдалану нұсқаулықтарында қарастырылмаған жанғыш заттарды отын ретінде қолдану (қатты, сұйық, газды);

жанғыш заттар мен материалдарды (аяқ киім, киім, отынды) пештің үстінде және мұржа құбырынан 0,5 метр ара қашықтықтан жакын жерде кептіруге жол бермеңіз;

желдеткіш және газ каналдарын түтіндік ретінде пайдаланбаңыз.
Пеш жағу кезеңінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау Сіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтап қалуы мүмкін!

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Мәліметпен бөлісу: